Ұсыныс хаттар

Ұсыныс хаттар

Біздің клиенттеріміз - біздің мақтанышымыз. Көптеген клиенттер біздің фирмаға сенім артады және ұзақ жылдар бойына бізбен жұмыс істегенді жөн көреді! Біз оларға сенім білдіргендері және біздің күшімізге сенгендері үшін ризамыз. Біз олардың мүдделері үшін күресуге дайынбыз.

«Саят Жолшы және Әріптестер»  клиенттері қатарына ірі қазақстандық және шетелдік компаниялар кіреді. Біз өз клиенттеріміздің толық тізімін ақпарат көздерінің ешқайсысында көрсетпейміз, өйткені бізге көмек сұрау фактісі біз мұқият сақтайтын адвокаттық құпия болып табылады.



«Филип Моррис Казахстан» ЖШС

Осы арқылы «Филип Моррис Казахстан» ЖШС жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғысын және шексіз ризашылығын білдіреді.

Осы жылдар ішінде «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кенсесі өз бизнесін дамытуға ұмтылатын тұрақты контрагент ретінде өзін көрсете білді және өзін сенімді серіктес ретінде танытты. "Саят Жолшы және Әріптестер" адвокаттық кеңсесінің қызметкерлері клиенттің  қажеттіліктеріне мұқият қараумен, мәселенің оңтайлы шешімін тез таба білумен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, ұжымның айқын, үйлесімді жұмысын және қуатты командалық рухты атап өткіміз келеді. Қызметкерлердің мінсіз дәлдігі, жоғары кәсібилігі, қойылған міндеттерді орындау кезіндегі жауапкершілік пен жеделділік қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы шешуге мүмкіндік береді. 

Біз «Саят Жолшы және Әріптестер» кеңсесі атынан, әсіресе монополияға қарсы заңнама мәселелерінде сенімді әріптес таптық.

Сіздерге жемісті өркендеу мен бизнесте жаңа белестерге көтерілуді тілейміз!




RESMI

КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесі «RESMI» компаниялар тобы" АҚ-ның заң кеңесшісі болып табылады.

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің адвокаттыры мен заңгерлері Қазақстан Республикасының соттарында «RESMI» Компаниялар тобының мүдделерінле өкілдік ету бойынша, азаматтық, азаматтық-процессуалдық, корпоративтік құқық және басқа да салалардағы түрлі жобалар жөнінде қеңес беру бойынша заң көмегін ұсынады.

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің адвокаттары мен заңгерлерінің кәсіби біліктілігін атап өткім келеді, сондай-ақ олар көрсететін қызметтердің жоғары сапасын мойындаймыз. Осы компанияның қызметкерлері іскерлік этика және құпиялылық қағидаттарын міндетті түрде ұстанады. «Саят Жолшы және Әріптестер» жұмысының артықшылықтарының бірі-кез-келген күрделілік мәселелеріне кешенді және жан-жақты тәсіл, бұл теріс салдардың ықтимал тәуекелдерін анықтауға және азайтуға немесе болдырмауға мүмкіндік береді.

Біздің ынтымақтастық тәжірибеміз бен жұмысымыздың нәтижелерін ескере отырып, біз «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесін барлық мүдделі тұлғаларға құқықтық мәселелер бойынша сенімді және кәсіби серіктес  ретінде ұсына аламыз.


Құрметпен,

"RESMI" Компаниялар тобы" АҚ

Бас директорының м.а.                                                     Батыргожин Н. К.




HALLIBURTON

Құрметті ханымдар мен мырзалар, 

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесі бірнеше жылдар бойына  «Halliburton International, Inc.» компаниясының заң кеңесшісі болып табылады. 

«Саят Жолшы және Әріптестер»  адвокаттық кеңсесінің заңгерлері бізге азаматтық, азаматтық-процессуалдық, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық құқық саласындағы және басқа да салалардағы түрлі жобалар бойынша заңгерлік көмек көрсетеді. 

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің адвокаттары мен заңгерлерінің кәсібилігін атап өткім келеді, сондай-ақ олар көрсететін қызметтердің жоғары сапасын мойындаймыз. Осы компанияның заңгерлері міндетті түрде іскерлік этика және  құпиялылық қағидаттарында әрекет етеді. «Саят Жолшы және Әріптестер» компаниясы жұмысының артықшылықтарының бірі - кез келген күрделі мәселелерге кешенді және жан-жақты тәсіл, бұл теріс салдардың ықтимал тәуекелдерін анықтауға және азайтуға немесе болдырмауға мүмкіндік береді.


Құрметпен,

Илларион Бейсембаев,

Халлибуртон Интернэшнл, Инк. Компаниясының Еуразиялық

аймақтық заң бөлімінің бастығы.




«ЕВРАЗИАН ФУДС» АҚ


Құрметті Виталий Викторович!

Сізді «Евразиан Фудс» АҚ атынан компанияның 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің компанияның ұжымының жоғары кәсіпқойлығы мен практикалық тәжірибесі, оңтайлы шешімдерді тез табу шеберлігі оның сенімді табысының кепілі болып табылады.

Шын жүректен қарқынды даму мен өркендеу тілейміз. Компания қызметкерлеріне денсаулық пен амандық тілейміз. Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңізді сақтаңыздар және арттыра түсіңіздер!

Клиенттер мен әріптестеріңіз сіздермен ынтымақтастықты мақтан тұтсын!


Құрметпен,

«Евразиан Фудс» АҚ Басқарма Төрағасы                                                           

Е. Жанагулов




The Expro Group

Expro Gulf Ltd

Kazakhstan Branch

We have been engaging Sayat Zholshy & Partners as our legal advisers for various projects. Sayat Zholshy & Partners provide legal support in relations with state authorities, on issues of technical compliance, licensing, work permits, contracts, etc.

Sayat Zholshy & Partners are always committed to our interests and must be complimented for high quality of their legal services.

We are pleased to recommend Sayat Zholshy & Partners to any company interested in legal assistance.


Sincerely,

Tudor Gafton – FSU Manger

Expro Gulf Ltd