Серіктестік туралы

Саят Жолшы және Әріптестер - 1998 жылғы 25 желтоқсанда құрылған қазақстандық жетекші адокаттық кеңсе. Жиырма жыл ішінде біз клиенттердің проблемаларына қатысты, өзіміздің және халықаралық стандарттар бойынша жоғары сапалы заңгерлік қызметтер/көмек көрсететін үздік кәсіпқойлар командасы ретінде жұмыс істеудің бастапқы қағидатын ұстана отырып, керемет нәтижелерге қол жеткіздік.

Соңғы жиырма жыл ішінде біз Қазақстандағы бизнесті сатып алу-сатудың ең ауқымды  және күрделі мәмілелеріне қатыстық, ел экономикасына стратегиялық инвестициялар салу бойынша мәмілелерді сүйемелдедік, соттарда клиенттердің миллиардтаған долларлық мүдделерінде, соның ішінде нарықтарды реттеушілермен дауларда өкілдік еттік, заң жобаларын әзірледік, борышкерлерді банкротқа ұшыраттық және ақтадық, рейдерліктен қорғадық. Біз Қазақстанда ауқымды  жұмыс тәжірибесіне иеміз және біздің тәжірибемізді клиенттердің игілігі үшін пайдалануға толық қуатымыз бар.

Біз жоғары білікті адвокаттар мен заңгерлердің нағыз әріптестігі болып табыламыз. Бұл ретте әріптестер клиенттердің мәселелерін шешуге тікелей тартылған және оларды кіші заңгерлерге тапсырмайды. Біздің команда Қазақстан, Ресей, Германия және Польшаның үздік оқу орындарында білім алған 7 әріптестерден, 7 кеңесшіден және 20-дан астам заңгерлерден тұрады. Серіктестер жоғары оқу орындарында сабақ береді және көбінесе елдің жетекші БАҚ сарапшылары ретінде тартылады.

Біздің жұмысты ұйымдастыруға деген көзқарасымыз ең дарынды  және жігерлі заңгерлерді тартады, бұл клиенттер үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Біздің қызметкерлеріміздің көпшілігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі, ал кейбіреулері неміс және поляк тілдерінде сөйлейді. Сонымен қатар, кәсіби аудармашылардың болуы құқықтық құжаттардың білікті аудармасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бізде Қазақстанның басты екі қаласында - Алматы мен Нұр-Сұлтанда кеңселері бар. Қажет болған жағдайда біз өз адвокаттар мен заңгерлердің басқа аймақтарда, сондай-ақ елден тыс жерлерде болуын қамтамасыз етеді.