Жаңалықтар

0107.2021

Қазақстанда Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді

Бүгін, 2021 жылғы 01 шілдеде Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – «ӘРПК») қолданысқа енгізіледі.

Сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы өз қолданысын тоқтатады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық облыстарында және облыстық маңызы бар қалаларда жаңа Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар жұмыс істей бастайды.

2021 жылғы 01 шілдеден бастап жоғарыда көрсетілген соттар ӘРПК белгіленген қағидалар бойынша мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастарда қабылданатын (жүзеге асырылатын) шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша  істерді қарайтын болады.

Осыған сәйкес, салық, кеден, монополияға қарсы, экологиялық, инвестициялық даулар, сондай-ақ бұрын Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда (заңды тұлғалардың қатысуымен) және аудандық соттарда (жеке тұлғалардың қатысуымен) қаралған мемлекеттік органдармен өзге де даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауының қағидалары бойынша енді жаңа ӘРПК қағидалары бойынша Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарда қаралатын болады.

Сондай-ақ аталған соттарда сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап-арыздар қаралатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (өтініш беруші мен жауапкердің орналасқан жеріне қарамастан) шетелдік және қазақстандық инвесторлардың мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарт болған кезде олардың талап-арыздарын қарайтын болады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша істерді де қарауды жалғастырады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар шығарған сот актілеріне апелляциялық тәртіппен облыстық және оларға теңестірілген соттарға, кассациялық тәртіппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағым жасалады.

Жаңа ӘРПК мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жария-құқықтық қатынастарда қабылданатын (жүзеге асырылатын) шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы талап-арыздар беруге жаңа мерзімдер белгіленеді.

2021 жылғы 01 шілдеден бастап жоғарыда көрсетілген талап қоюлар шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымды қарайтын органның шешімі тапсырылған күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілуі мүмкін. Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмесе немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт тапсырылған күннен бастап немесе ӘРПК және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарланған  кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Сондай-ақ жаңа ӘРПК соттардың жоғарыда көрсетілген істерді қарауының, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың шешімдеріне апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағымданудың жаңа мерзімдерін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шешімдердің заңды күшіне енуінің жаңа тәртібін белгілейді.

Жалпы ереже бойынша енді жоғарыда көрсетілген істерді Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарайды. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзімді сот тағы үш айға ұзартуы мүмкін.

Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне әкімшілік процеске қатысушылар мен прокурор түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап екі ай ішінде апелляциялық шағым (өтінішхат) беру арқылы апелляциялық тәртіппен шағым жасай алады.

Апелляциялық сатыдағы сот көрсетілген шағымдарды (өтінішхатты) іс сотқа келіп түскен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарайды. Бірінші сатыдағы соттағыдай, ерекше күрделі істер бойынша апелляциялық сатыдағы сот бұл мерзімді тағы үш айға ұзарта алады.

Апелляциялық сатыдағы соттардың жоғарыда көрсетілген істер бойынша шығарған қаулылары олар жария етілген күні емес, шағым жасаудың кассациялық мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.


Соттың заңды күшіне енбеген шешімдері мен ұйғарымдарына әкімшілік процеске қатысушылар және прокурор апелляциялық сатыдағы сот актісі түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде кассациялық шағым (өтінішхат) беру арқылы кассациялық тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Кассациялық шағымдарды (өтінішхаттарды) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған алқасы іс сотқа келіп түскен күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қарайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот актілері жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізуді және сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша ӘРПК оларды қарау мен апелляциялық шағымдар берудің қысқартылған мерзімдері белгіленді.

Соттарда және мемлекеттік органдарда жаңа ӘРПК  енгізілген күнге қаралатын істер бойынша өтпелі ережелер.

ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін іс жүргізуге қабылданған соттардағы істерді қарау ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының процессуалдық  заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның іс жүргізуінде жатқан, ӘРПК  қолданысқа енгізілгеннен кейін аяқталмаған істер, егер өтініш беруші бұл туралы жазбаша нысанда мәлімдесе, жаңа ӘРПК  сәйкес аяқталмаған бөлігінде қаралуы мүмкін.

«Саят Жолшы және Әріптестер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен даулар бойынша істерді  сәтті жүргізуде 20 жылдан астам  мол және бірегей тәжірибеге ие.

Егер Сізде жоғарыда аталған даулар бойынша сұрақтар туындаса, Аға әріптес, «Дауларды шешу»  тәжірибесінің жетекшісі Виталий Водолазкин мырзаға төменде көрсетілген деректемелер  бойынша хабарласыңыз.

*Бұл материал тек ақпараттық және/немесе білім беру мақсаттарында дайындалған және заңгерлік кеңес немесе қорытынды болып табылмайды. «Саят Жолшы және Әріптестер», оның басшылығы, адвокаттар мен қызметкерлері мұндай ақпараттың Сіздің мақсаттарыңыз үшін қолданылуына кепілдік бере алмайды және Сіздің шешімдеріңіз және олармен байланысты осы материалдардағы ақпаратты немесе оның қандай да бір бөлігін пайдалану нәтижесінде туындаған ықтимал тікелей немесе жанама залалдар үшін жауапты болмайды.