Жаңалықтар

0308.2021

ЕРЖАН ТОҚТАРОВ КЕҢЕСШІ РЕТІНДЕ «САЯТ ЖОЛШЫ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР» АДВОКАТТЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ПРАКТИКАСЫН БАСҚАРАДЫ

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің Әріптестер кеңесі Ержан Тоқтаровты Компанияның кеңесшісі етіп тағайындады. SZP Дмитрий Чумаковтың  әріптестер тобының құрамында жұмыс істей отырып, Ержан компанияның еңбек құқығы бойынша тәжірибесін басқарады және комплаенс бойынша мамандануын дамытуды жалғастырады.

Ержан өзінің кәсіби мансабын «Саят Жолшы және Әріптестер» тобында  2007 жылы бастаған. 2008 жылы КазМЗУ Алматы заң академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетін үздік дипломмен тәмамдады.

Еңбек құқығының ең күрделі мәселелері бойынша кеңес береді, құжаттарды әзірлейді, бұрынғы қызметкерлер жұмысқа қайта алу және соманы өндіріп алу туралы талап-арыз берген кезде соттарда жұмыс берушілердің мүдделерін қорғайды. 2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының ірі энергетикалық компаниясының еңбек құжаттамасына кешенді заңнамалық талдау жүргізді. Шетелдік мамандарға жұмыс рұқсаттарын алу бойынша ең ірі және күрделі жобаларға тартылды.

2013 жылы Қазақстандағы барлық лицензиялық және рұқсат беру мәселелерін құқықтық реттеу бойынша негізгі құжат – Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» жаңа Заңын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамына кірді.

Отбасы құқығы бойынша жобаларды іске асыруға белсенді қатысады: некені бұзу, неке шарттарын дайындау және жасау, мүлікті бөлу, балалармен тұру және қарым-қатынас мәселелерін шешу, мұрагерлік туралы істерді жүргізу және басқа да мәселелер.

Клиенттер жасайтын шарттардың жобаларын заңды талдауда, құқықтың түрлі салалары бойынша қорытындылар дайындауда мол тәжірибесі бар. Азаматтық-құқықтық даулар бойынша сот және төрелік талқылауларға белсенді қатысады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында клиенттердің мүдделерін қорғайды.

2019 жылғы маусымнан бастап Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.

2021 жылы Ержан Алматы қаласының соттарында тағылымдамадан өтті, оның барысында азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сот ісін жүргізуді, апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу дағдыларын меңгерді.

Ержан Тоқтаровты кеңесші ретінде тағайындау – бұл SZP келешегі зор  деп санайтын,  аталған мамандануды дамыту аясында  Айнұр Надировамен бұрыннан келе жатқан ынтымақтастықпен қатар  еңбек құқығы сегментінде  SZP командасын  кезекті  нығайту.