Жаңалықтар
SZP КЕҢЕСШІСІ ЕРЖАН ТОҚТАРОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА СУДЬЯ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 26 наурыздағы №845 Жарлығымен Ержан Тоқтаров Алматы қ. бойынша Әуезов ауданының №2 аудандық сотына судья қызметіне тағайындалды.
Ержан «Sayat Zholshy & Partners» командасында 15 жыл жұмыс істеп, фирманың еңбек құқығы бойынша мамандануын табысты басқарды, кіші заңгерден бастап компанияның кеңесшісі және тәжірибе жетекшісіне дейін кәсіби жолдан өтті.
«Sayat Zholshy & Partners» командасы Ержан Тоқтаровты жинақталған тәжірибесі мен терең білімін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтайды.
Біз сот жүйесінің «Sayat Zholshy & Partners» командасынан шыққан, жоғары білікті маман және жай ғана жақсы адаммен толыққанын мақтан тұтамыз.
Сарқылмас күш-қуат, жаңа белестерді бағындыру ісінде табыс, Қазақстан игілігі үшін көзделген барлық жоспарлар мен жаңа кәсіби жетістіктердің іске асырылуын шын жүректен тілейміз!