Жаңалықтар

1904.2022

SZP ӘРІПТЕСІ ЕЛЕНА ТЮРЕЙКИНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. SZP әріптесі  Елена Тюрейкина кеңес мүшелерінің қатарына кірді.

Қоғамдық кеңес  қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.

Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) Министрліктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын  дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және Министрлік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.