Жаңалықтар
SZP АҒА ӘРІПТЕСІ АРМАН БЕРДАЛИН QID ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІНІҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
2022 жылғы 27 Мамырда QID қауымдастығының Консультативтік кеңесінің төрағасын сайлау өтті.
Арман Бердалин мен Айгүл Тасболат QID қауымдастығының Консультативтік кеңесінің тең төрағалары болып сайланды.
QID - Qazaqstan Independent Directors - 2007 жылдан бастап қызметін жүзеге асырып келе жатқан тәуелсіз директорлар институтын дамыту, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тәуелсіз директорлардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету саласындағы Қазақстандағы жалғыз бейінді ұйым.
Қауымдастықтың Консультативтік кеңесінің негізгі қызметі - Байқау кеңесі мен Атқарушы дирекцияға Қауымдастықтың даму стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге көмектесу, Қауымдастықты алаңдарда (дөңгелек үстелдерде, конференцияларда, әлеуметтік желілерде және т.б.), сондай-ақ тәуелсіз директорлар институтын дамыту және тәуелсіз директорлардың жағдайын жақсарту бойынша бастамаларды белсенді түрде ілгерілету.