Жаңалықтар
SZP АҒА ӘРІПТЕСІ АЙДЫН БИКЕБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН (IBA) ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ
31 мамырда Республикалық адвокаттар алқасы (РАА) мен Халықаралық заңгерлер қауымдастығы (IBA) арасында онлайн-кездесу өтті. IBA тарапынан Кимитоши Ябуки, Кен Мерфи, Стивен Ричмон және Джорджи Артли қатысты. РАА тарапынан Айдын Бикебаев, РАА Ғылыми-кеңес беру кеңесінің төрағасы Сергей Сизинцев, РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, IBA тәжірибесі мол халықаралық ұйым ретінде Қазақстанның кәсіби қоғамдастығына қолдау көрсете алатын салаларды анықтады.
1947 жылы құрылған Халықаралық заңгерлер қауымдастығы (IBA) тәжірибелі заңгерлерді, адвокаттық бірлестіктер мен заң фирмаларын біріктіретін жетекші дүниежүзілік ұйым болып табылады. IBA құқықтың дамуына әсер етеді және дүние жүзі бойынша заңгерлік кәсіптің болашағын қалыптастырады. https://www.ibanet.org/