Жаңалықтар

1706.2022

SZP АҒА ӘРІПТЕСІ АЙДЫН БИКЕБАЕВ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

2022 жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ережеге сәйкес, Ұлттық құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметінің мақсаты қоғамдық бірігуді  одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау болып табылады.

Ұлттық құрылтай құрамына аға әріптес Айдын БИКЕБАЕВ және белгілі адвокат, «Құқық қорғаушылар» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Айман УМАРОВА кірді.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттерінің қатарына қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету, өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру кіреді.

Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайдың төрағасы, жұмыс органы - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып табылады.

Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстары мемлекеттік органдар үшін міндетті, олар қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайды хабардар етуге тиіс.

Президент Жарлығының толық нұсқасы Ақорда сайтында жарияланды.