Жаңалықтар
Аға заңгер Олжас Данияров заң кеңесшісі ретінде АХҚО құқықтық консультативтік кеңесінде тіркелді
2022 жылдың 24 маусымында «Саят Жолшы және Әріптестер» аға заңгері Олжас Данияров Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) заң кеңесшісі ретінде тіркелгендігі туралы Куәлікті алды.
Куәлік АХҚО Құқықтық консультациялық кеңесімен берілді және Олжас АХҚО құқық мәселелерімен шұғылданатын заңгерлерге қойылатын жоғары талаптарға сай келетінін растайды.
Осы Куәлікті алу, Олжас дамытатын АХҚО құқығы бойынша «Саят Жолшы және Әріптестер» тәжірибесін одан әрі дамыту үшін түрткі болары хақ.
АХҚО Құқықтық консультациялық кеңесі үздік әлемдік тәжірибені енгізуді және Англия мен Уэльстің құқықтық нормаларын бір жүйеге келтіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған. АХҚО құрамына Baker McKenzie, Herbert Smith Freehills, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, White & Case және 3 Verulam секілді жетекші әлемдік заң фирмаларының және адвокаттық палаталардың өкілдері кіреді.