Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстар

Біздің практиканың заңгерлері құқық саласында көп жылдық тәжірибеге ие және осы саланың экономикалық және техникалық компоненттерін терең түсінеді.

Біздің қызметтерімізге мұнай-газ бизнесіне жататын барлау, өндіру, өнеркәсіптік, көліктік және өзге де сервистік компанияларды қоса алғанда, мұнай-газ саласының және сабақтас салалардың кәсіпорындары жүгінуде. Жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін біздің мамандарымыз туындайтын мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын әрқашан табады, бұл жер қойнауын пайдалану құқықтарын, ілеспе лицензиялар мен рұқсаттарды алу және беру бойынша кеңес берулерден  бастап, жер қойнауын пайдалану процесін заңды сүйемелдеумен және соттар мен мемлекеттік органдарда клиенттің мүдделерін қорғаумен аяқталатын көптеген стандартты емес және күрделі жобаларды табысты іске асыру кезінде бірнеше рет расталды.

  • Ақтөбе және Атырау облыстарында келешекті мұнай кен орындарын сатып алу жөніндегі мәмілелерді, шетелдік инвесторлармен олардың осы жобаға қатысуы туралы келісім жобасын дайындауды қоса алғанда, толық заңды сүйемелдеу және оны бірнеше ай бойы (оның ішінде шетелде де) белсенді талқылау
  • Шетелдік инвестордың жанар-жағармай материалдарының бөлшек сауда желілерін сатып алуын толық заңды сүйемелдеу (Қазақстанның бірқатар өңірлері бойынша 80-нен астам объект)
  • Қазақстандағы ірі кен орнын бақылауды сатып алу. Осы жоба аясында сатушының ықтимал іс-әрекеттері тарапынан да, сондай-ақ клиенттің инвестицияларын мемлекеттің қандай да бір шағымдарынан қорғау тарапынан да инвестордың мүдделерін қорғау мәселелері мұқият қаралды (атап айтқанда, халықаралық конвенцияларға сәйкес қаралатын инвесторлардың Қазақстан Республикасына қарсы талаптарын қараудың қалыптасқан практикасына қатысты ақпарат жиналды және талданды)
  • Салықтарды қосымша есептеу туралы хабарламаға шағымдану туралы іс бойынша шетелдік капиталдың қатысуымен мұнай және газ саласындағы ірі жер қойнауын пайдаланушының мүдделерінде өкілдік ету. Дау өнімді бөлу туралы келісімнен туындаған
  • Монополияға қарсы органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша мұнай өнімдерін ірі сатушының мүддесінде өкілдік ету
  • Контрагенттің залалды өндіріп алу туралы талап қоюы және шарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу туралы қарсы талап қоюы бойынша аралық сотта мұнай және газ өндіру саласындағы ірі сервистік компанияның мүдделерінде өкілдік ету
  • 65 млн.USD астам сомаға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің заңсыз есептелуіне байланысты Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында мұнай өндіруді жүзеге асыратын ірі жер қойнауын пайдаланушының мүдделерін сот тәртібімен сәтті қорғау
  • 8 млн.USD астам сомаға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің заңсыз есептелуіне байланысты Қазақстан Республикасының Атырау облысында мұнай өндіруді жүзеге асыратын шетелдік қатысуы бар ірі жер қойнауын пайдаланушының мүдделерін сот тәртібімен сәтті қорғау
  • Үстем жағдайды теріс пайдаланды деп айыптауды даулау және монополиялық кіріс ретінде шамамен 70 млн.USD мөлшеріндегі соманы анықтау бойынша заңсыз әрекеттерді тану бойынша отандық ЖЖМ нарығы көшбасшыларының бірінің құқықтары мен мүдделерінде сәтті өкілдік ету
  • ҚР облыстарының көпшілігінде ЖЖМ бөлшек сату нарығында үстем жағдайға ие компанияның ЖЖМ бөлшек сату бойынша тауар нарығында үстем жағдайды теріс пайдаланды деген айып бойынша монополияға қарсы тергеу қорытындыларын бірінші сатыдағы сотта даулау
  • Ұңғымаларды бұрғылаумен және жөндеумен, сондай-ақ объектілерді өндірістік жобалаумен, қызмет көрсетумен, пайдаланумен және инспекциялаумен айналысатын Шығыс Еуропаның халықаралық  мұнай-газ сервистік компаниясы үшін 90-ға жуық шетелдік жұмыскерді тартуға рұқсат алу, жыл сайын тұрақты қолдау және мерзімін  ұзарту
  • Компанияның бұрынғы қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты өтемақы сомаларын төлеу бойынша  талаптарын қанағаттандырудан толық бас тартуы бойынша сот процесінде мұнай өндіруші компанияның мүдделерінде өкілдік ету
  • Қазақстандық мұнай компаниясының бағалы қағаздарын Лондон қор биржасына шығару барысында заңды қорытынды дайындау
  • Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін өндірілетін мұнай кепілінің күрделі шартын әзірлеуге қатысу, онда айналымдағы тауар кепілінің және болашақта туындайтын зат кепілінің аспектілері біріктірілген
  • Қазақстандық мұнай-газ компаниясына оның акционерінің тапсырысы бойынша кешенді заңды тексеруді  жүргізу, қазақстандық заңнамаға қатысты акциялар шығарылымы проспектісінің бір бөлігін талдау және бастапқы жария орналастыру (IPO) рәсімі үшін заң қорытындысын дайындау
  • Ұлыбританияда орналасқан және бұрғылаудан кейін Ұңғымаларды игерумен және сынаумен айналысатын мұнай-газ саласындағы халықаралық сервистік компания үшін Қазақстанның бірнеше өңірінде бір мезгілде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 40-қа жуық рұқсатты алу және жыл сайын күшінде ұстап тұру
  • Салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық органының ірі мұнай сервистік компаниясына салықтардың әр түрін есептеу туралы хабарламасына сотқа шағымдану
  • Сұйылтылған газды тасымалдаумен айналысатын ірі қазақстандық компания үшін тауар белгісін тіркеу туралы куәлікті алу                       
  • Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органымен бірлескен кәсіпорын шеңберінде клиенттің корпоративтік өзара қарым-қатынастарына қатысты заңды қорытынды, түсініктемелер беру
  • Екі үлестес сервистік мұнай-газ компаниялары үшін тұз қышқылын пайдалануға байланысты қызметке екі лицензия және тиісті квоталарды бір мезгілде айтарлықтай көлемде алу
Сервистік мұнай-газ компаниясы үшін ұңғымаларды бұрғылауға, сынауға және жөндеуге және осыған байланысты жұмыстарға лицензиялардың едәуір санын алу және жыл сайын растау.