Телекоммуникация және байланыс. Көлік

Телекоммуникация және байланыс. Көлік

Технологиялық секторда біз компанияларға кешенді құқықтық сараптаманы жүзеге асыра отырып, клиенттерге кеңес береміз, атап айтқанда, барлық деңгейдегі соттарда салық органдарының алдында әртүрлі істерде олардың құқықтарын қорғаймыз, бейрезидент көлік компанияларына салық салу мәселелері бойынша консультациялар өткіземіз.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында біз жетекші радиостанциялар мен белгілі медиа-холдингтерде туындайтын түрлі заң мәселелерін шешуге көмектесеміз. Бұл салада авторлық құқықты бұзуға байланысты даулар жиі кездеседі.

Біз автомобиль жасау, көлік-логистикалық қызметтер көрсету және теміржол көлігі саласында көшбасшы болып табылатын компаниялардың мүдделерінде өкілдік етеміз және оларға ағымдағы шаруашылық мәселелерін шешуге, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыруға және бірлескен кәсіпорындар құруға көмектесеміз. Сонымен қатар, біздің команданың көлік саласындағы табысты жұмысына кедендік реттеу мәселелеріндегі білімдеріміз көмектеседі.

  • Қазақстан Республикасының стратегиялық объектілеріне жатқызылған талшықты-оптикалық байланыс желілері бар компанияның кешенді құқықтық сараптамасын (due diligence) жүзеге асыру
  • Контрагенттің банкроттығы туралы іс бойынша ірі халықаралық телекоммуникациялық компаниялардың бірінің мүдделерінде өкілдік ету
  • Барлық деңгейдегі Қазақстан Республикасының соттарында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді қоса есептеу туралы салық органдарының заңсыз хабарламасына шағымдану бойынша Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясының мүдделерін сәтті ұсыну
  • Ұялы байланыс операторы белгілеген теңгерімнің шекті сомасы төмендеген кезде есеп айырысудың аванстық және кредиттік жүйесінің абоненттеріне халықаралық роумингті ажырату нәтижесінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасалғанын білдіретін үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін ҚР БҚА ұсынған айыптардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі бойынша құқықтық қорытынды дайындау
  • Көтерме және көлік жабдықтарын әлемдік жетекші өндірушілердің бірінің дилерлік желісінің бизнесін беру. Түрлі юрисдикцияларды ескере отырып, кешенді құқықтық тексеру (due diligence) рәсімін жүзеге асыру
  • Теміржол жылжымалы құрамы операторының ірі компаниясына салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламау түрінде көрсетілген салық органының әрекетсіздігіне сотқа шағымдану
  • Ірі қазақстандық көлік холдингінің сатып алу-сату мәмілелеріне салық салу мәселелері бойынша кеңес беру және қорытынды беру
  • Бейрезидент  компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден көлік-логистикалық қызметтер саласында жұмыс істейтін резидент компания төлейтін кірістеріне салық салу мәселесі бойынша кеңес беру
  • Ресей көлік компаниясына халықаралық тасымалдауларда (Қазақстан Республикасының аумағын қоса алғанда) қызмет көрсетуден түсетін кірістерге салық салу және осыған байланысты қызмет мәселелері бойынша кеңес беру
  • Экономикалық шоғырлануға келісім алу. Қазақстан Республикасы ауқымында теміржол вагондары  паркін елеулі ауқымда иеленетін ірі қазақстандық көлік холдингінің жалғыз қатысушысы болып табылатын шетелдік компанияның акцияларын сатып алуға жасалатын мәмілеге монополияға қарсы органның өтінішхатын дайындау және келісімін алу
  • Қазақстан Республикасының жетекші көлік компаниясын сатып алу бойынша мәміле жасау нәтижесінде экономикалық шоғырлануға қолдаухат дайындау және келісім алу
  • Қазақстандық телекоммуникациялық қызметтер нарығында провайдерлер мен операторлардың өзара іс-қимыл сұлбасын  әзірлеу
  • Авторлық құқықтың бұзылуына қатысты ірі қазақстандық телерадиокомпанияға кеңес беру
  • Қазақстанда халықаралық автомобиль өндірісі көшбасшыларының бірінің еншілес компаниясын құру