Қылмыстық-құқықтық тәжірибе

  • Ағылшын тілін білетін лицензияланған адвокаттар
  • Жоғары дәрежелі  білім. Экономикалық қылмыстар саласында мол  тәжірибе
  • Қорғауға кешенді тәсіл. Адвокаттардың қылмыстық істер бойынша жоғары қабілеттері
Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Қылмыстық-құқықтық тәжірибе

«Саят Жолши және Әріптестер» - клиенттердің мүдделерін қорғау бойынша бай тәжірибесі бар елдегі ең көне адвокаттық кеңселердің бірі. Біздің серіктестеріміз компаниялардың лауазымды тұлғаларына қатысты, сондай-ақ  қарапайым жеке тұлғаларға қатысты қылмыстық істер бойынша қорғаушылар рөлін атқаруға мүмкіндік беретін адвокаттар мәртебесіне ие.

Біздің адвокаттық кеңсеміздің штатында Қазақстан Республикасы заңнамасының әртүрлі салалары бойынша жетекші заңгерлер бар және біздің кеңсеміз  экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша клиенттердің мүдделерін қорғауға маманданады.

Қызмет түрлері / көмек


Тәжірибе

  • ақшаны жылыстату туралы істерді тергеуге байланысты экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті жүргізген жауап алу барысында басшылар мен қатардағы қызметкерлердің мүдделерін қорғау және кеңес беру
  • қаскөйлік ниеттегі  акционерлерге қатысты алаяқтық және банк құпиясын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау, сондай-ақ зардап шеккен компанияның мүдделерінде  өкілдік ету
  • банк құпиясын бұзу фактісі бойынша бұрынғы басшы қызметкерге қатысты қылмыстық тергеуге бастамашылық ету және сүйемелдеу
  • қажетсіз ақпаратты таратуды тоқтатуды, кешірім сұрауды және моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз  ете отырып, қастық ниеттегі бұрынғы қызметкерге қатысты қорлау және жала жабу фактілері бойынша жеке айыптауға қолдау көрсету
  • әуе кемесін ұшу-қону жолағынан итеріп шығаруды қылмыстық тергеуде қорғау құқығына ие  куәгер  ретінде ұшқышқа кеңес беру және қорғау
  • авиациялық инцидентті тексеру бойынша қылмыстық іске байланысты куәгер ретінде - жәбірленуші және оның қызметкерлері - ұшқыштар, бортсеріктер, басқарушы және техникалық қызметкерлер ретінде авиакомпанияның мүдделерінде өкілдік ету және кеңес беру
  • авторлық құқықты бұзушыларға қатысты қылмыстық іс қозғау және отандық зергерлік бұйымдарды өндірушінің мүдделерін қорғау
  • тауар белгісіне қатысты дауға байланысты қаржы полициясы органдары жүргізетін тексеру барысында әлемдік жетекші сүт өнімдерін өндіруші еншілес кәсіпорынның мүдделерінде өкілдік ету
  • мемлекеттік органдар мен компаниялар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану туралы іс бойынша тергеп-тексеру шегінде  куәгер ретінде болған 6 Халықаралық фармацевтикалық компанияның менеджерлері мен қызметкерлерінің мүдделерін сәтті қорғау
  • сот қызметіне араласу фактісі бойынша әлеуметтік желілерде белсенді жария-танымал тұлғаны қылмыстық қудалауға бастамашылық ету
  • аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қозғаған қылмыстық іс аясында  жеке тұлғаның мүдделерін қорғау
  • салықтарды төлемегені үшін айыптау кезінде шетелдік жеке тұлғаның мүдделерін оны азаматтық  еліне экстрадициялау рәсімінде қорғау
  • сот шешімін орындамау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде кредитор- компанияның мүдделерін қорғау
  • салық төлемеу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша компанияның лауазымды тұлғаларының мүдделерін қорғау
  • зейнетақы жинақтарын ұрлау фактісі бойынша прокуратура органдары қозғаған қылмыстық іс бойынша зейнетақы қорының лауазымды тұлғалары мен акционерлеріне кеңес беру
  • банк акционерлерінің банк ақшасын шығару фактісі бойынша қылмыстық істе кредиторлардың мүдделерінде өкілдік ету
  • жеке тұлғалар тобының құрамында және аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергейтін қылмыстық іс бойынша жеке тұлғаның мүдделерін қорғау