Инфрақұрылымдық жобарлар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)

Жаңа экономикалық саясат жағдайында мемлекеттік-жекешелік  әріптестік тетіктерін қолдану Қазақстанда үлкен даму келешегіне  ие. Біз Қазақстанның ірі қалаларындағы көптеген инфрақұрылымдық жобаларды сәтті сүйемелдедік.

Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Инфрақұрылымдық жобарлар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)

«Қазақстан-2050»  Стратегиясында басым бағыт ретінде бизнес-қоғамдастықты мемлекеттік-жекешелік  әріптестік қағидаттарында әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу мәселелерінде мемлекетпен ынтымақтастыққа тартуды және «мықты бизнес – мықты мемлекет» идеясын іске асыруды бөліп көрсетуге болады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік-тәуекелдерді, пайдалар мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу шарттарында инфрақұрылымдық, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы орта мерзімді және ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастар жиынтығы.

Қазақстанда МЖӘ заңнамалық базасын дамытудың алғышарты 2006 жылғы 07 шілдеде ҚР «Концессиялар туралы» Заңын қабылдау болды, онда  бизнеске концессия тетігін пайдалана отырып, жобаларды іске асыруға қаржылық және өзге де ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық өрістің негізі қаланған.

2015 жылғы 31 қазанда ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы қабылданды, ол МЖӘ жобаларына бастамашылық етудегі және дайындаудағы жеке кәсіпкерліктің рөлін арттыруға бағытталған.

МЖӘ тетіктерін қолдану мемлекет үшін де, жеке сектор үшін де бірқатар артықшылықтар береді. Мемлекет мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету жолымен және қолда бар тәжірибе мен жеке сектордың технологияларын пайдалана отырып, халықтың  проблемаларын шешуге мүмкіндік алады, ал бизнес үшін жаңа инфрақұрылымдық жобаларға және қосымша кіріс көздеріне инвестициялау мүмкіндіктері ашылады.

Қазақстанда МЖӘ-ні дамытуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 «Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы жүзеге асырады. Сонымен қатар, аумақтық деңгейде жобалармен тікелей айналысатын және жергілікті атқарушы органдарға жәрдем көрсететін Өңірлік МЖӘ орталықтары құрылады.

Жергілікті атқарушы органдар МЖӘ тетіктерін енгізу және қолдану мәселелерінде белсенділік таныта бастады. Егер 2012 жылы МЖӘ тек 6 өңірде ғана дамыған болса, бүгінгі таңда барлық өңірлер ауруханалар, балабақшалар, мектептер, емханалар, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салуды, жаңғыртуды және реконструкциялауды қоса алғанда, қоғамдық маңызы бар жобаларға инвестициялар тарта бастады.   

Жергілікті жерлерде МЖӘ дамытудың кейбір тежеуші аспектілеріне қарамастан, мемлекет пен жеке сектордың өзара іс-қимылының осы нысаны соңғы уақытта өте танымал болып отыр. «Саят Жолшы және Әріптестер»  уақыт талабына сай келеді және мемлекет пен жеке бизнестің әріптестігі тетігін қолдану аясында  іске асырылатын жобаларды сүйемелдеуде айтарлықтай тәжірибесі бар. Мысалы, біз ірі қазақстандық инвестициялық компанияға Алматы қаласында көп деңгейлі паркингтер салу мен осы объектілерді пайдалануды қамтитын ақылы автотұрақтардың кешенді жүйесін ұйымдастыруға қатысты кеңес бердік.

Сонымен қатар біз Алматы қаласында жалғыз қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысын қамтитын қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, әкетуді, қайта өңдеуді (сұрыптауды), кәдеге жаратуды және көмуді көздейтін қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін Алматы қаласында енгізу бойынша жобаның заң кеңесшілері болдық.

Бұдан басқа, компания экономиканың түрлі секторларында басқа да жобаларды іске асыруға көмек көрсетті. 

Қызмет түрлері / көмек

  • МЖӘ жобасын дайындау мен іске асырудан бастап МЖӘ шартын жасасу/орындау/ тоқтату сәтіне дейінгі МЖӘ жобаларының құқықтық аудиті
  • Заңды құжаттарды, оның ішінде концессиялық келісімдерді, жобалау шарттарын, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау шарттарын, лизингті, сервистік келісімшарттарды және ілеспе құжаттарды дайындау
  • Әлеуетті жекеше әріптестерге жобалық тәуекелдер және оларды бөлудің лайықты әдісі бойынша, мемлекеттік әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің жобаға қатысу нысандары бойынша, конкурстық құжаттаманың қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкестігі бойынша кеңес беру
  • МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті лицензияларды, рұқсаттарды, мемлекеттік органдардың келісімдерін алу
  • Клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету және мемлекеттік органдардың өкілдерімен келіссөздерге қатысу
  • Инфрақұрылымдық жобалар мен МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде қолданылатын қазақстандық заңнаманың әртүрлі салалары бойынша (оның ішінде монополияға қарсы, салықтық, корпоративтік, еңбек, валюталық және басқа құқық мәселелері бойынша) кеңес беру
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктен (МЖӘ) басқа, мемлекетпен өзара іс-қимылдың баламалы нысандары бойынша клиенттерге кеңес беру
  • МЖӘ жобасын жоспарлау сатысында клиенттерге оны жүзеге асыру тәсілін таңдауға, МЖӘ шарттарының түрлеріне, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдерге, мемлекеттік қолдау шараларына, валюталық және өзге де тәуекелдерге және т. б. қатысты кеңес беру

Тәжірибе

Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға қабылданған белсенді саяси бағытты ескере отырып, мемлекет пен бизнес ынтымақтастығының осы нысанына қызығушылық таныта бастаған  клиенттердің саны артуда  және кеңестер алу, олардың жобаларын сүйемелдеуге жәрдемдесу, құқықтық аудитті жүзеге асыру және т. б. үшін «Саят Жолшы және Әріптестерге» жүгіне бастады.

Бұл мамандандырудағы біздің айтарлықтай тәжірибеміз соңғы жылдары біз сәтті сүйемелдеген көптеген жобаларды, соның ішінде келесі ірі жобаларды қамтиды:

  • Алматы қаласында көп деңгейлі паркингтер салуды және осы объектілерді пайдалануды қамтитын ақылы тұрақтардың кешенді жүйесін ұйымдастыру бойынша ірі қазақстандық инвестициялық компанияның жобасына кеңес беру және заңды сүйемелдеу. Осы жоба аясында біз МЖӘ шартының жобасына құқықтық аудит жүргіздік, Клиентке ықтимал жобалық тәуекелдер және оларды бөлудің лайықты әдісі бойынша кеңес бердік, мемлекеттік әріптес өкілдерімен келіссөздерде клиенттің мүдделерінде өкілдік еттік;
  • Алматы қаласында жалғыз қоқыс сұрыптау кешенін салуды қамтитын қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, шығарып әкетуді, қайта өңдеуді (сұрыптауды), кәдеге жаратуды және көмуді көздейтін қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін Алматы қаласында енгізу бойынша МЖӘ жобасына кеңес  беру және заңды сүйемелдеу. Осы жоба бойынша жұмыс аясында біз МЖӘ шартының жобасын әзірледік, клиентке монополияға қарсы және экологиялық заңнама мәселелері бойынша кеңес  бердік, жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың нормативтік актілеріне өзгерістер жобаларын дайындадық;
  • Ірі қазақстандық компания үшін жобаға қатысқан жағдайда валюталық және өзге жобалық тәуекелдерді, осы тәуекелдерді бөлудің ықтимал әдістерін, мемлекеттік қолдау шараларын және т. б. анықтауға қатысты заңды қорытынды дайындау.