Еңбек құқығы


Біз Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін әзірлеуге қатыстық. 

Біз жүздеген ірі компанияларға еңбек мәселелері бойынша кеңес беріп, олардың мүдделерін сотта, прокуратурада және еңбек инспекциясында қорғадық.


Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Еңбек құқығы

Шын мәнінде, еңбек мәселелері мен қатынастары  - бұл кәсіпорынның тірі организмінің қан айналымы жүйесі. Компаниядағы еңбек қатынастары жүйесінің бұзылуы немесе дұрыс құрылмауы, еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс түсінбеу немесе түсіндіру, қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесін  білмеу кәсіпорын ішінде елеулі проблемалардың, сондай-ақ еңбекті қорғау органдарымен және басқа да уәкілетті құзыретті органдармен жағымсыз проблемалардың туындауына әкелуі мүмкін.

Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді, ол көптеген еңбек мәселелерін реттеудің құқықтық тәсілдерін айтарлықтай өзгертті. Нәтижесінде, бұл біздің заңгерлер жақсы білетін сот және іскерлік тәжірибенің өзгеруіне әкелді.

Біздің заңгерлердің еңбек құқығы саласында заң қызметтерін/ көмегін  ұсынуда көп жылдық тәжірибесі бар және әрқашан «өмір тынысында болады». Біздің кеңсенің  әріптесі Дмитрий Чумаков пен кеңесшісі Айнұр Надирова үкіметтік жұмыс тобының құрамында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жобасын әзірлеуге қатысты. Біз үнемі еңбек құқығы мәселелері бойынша семинарлардың, вебинарлар мен тренингтердің ұйымдастырушылары мен қатысушылары ретінде әрекет етеміз. Еңбек құқығы саласында мамандандырылған топтың жетекшісі мен мүшелері форумдарда белсенді модераторлар мен спикерлер ретінде әрекет етеді, мақалалар жариялайды, тиісті зерттеулер жүргізеді. Жетекшілік ететін әріптес Дмитрий Чумаков және еңбек құқығы саласындағы мамандандыру басшысы Айдос Құсайынов, сондай-ақ кеңесші Айнұр Надирова заңды қоғамдастықпен пікірлері мойындалатын  және кәсіби қызығушылық тудыратын беделді сарапшылар ретінде танылған.

Еңбек заңнамасының серпінді сипатын, күрделілігін және кейде екіұштылығын ескере отырып, біз өз клиенттерімізге еңбек құқығы саласында көмек көрсетуге тапсырыстар аламыз.

Қызмет түрлері / көмек

  • Клиенттің қызметкерлерімен еңбек шарттарын бұзудың заңды сұлбаларын әзірлеу және толық заңды сүйемелдеу
  • Жеке немесе ұжымдық еңбек даулары туындаған кезде жұмыс берушілердің және / немесе жұмыскерлердің
  • Жұмыс берушінің ішкі еңбек құжаттамасына құқықтық аудит жүргізу
  • Компанияда еңбек қатынастарын реттеудің кешенді жүйесін енгізу бойынша ішкі құжаттаманы (еңбек шарттары, ішкі ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар, бұйрықтар, хабарламалар және басқалар) әзірлеу
  • Еңбек заңнамасының барлық мәселелері бойынша консультациялар, ұсынымдар және жазбаша қорытындылар беру
  • Жұмыс берушінің проблемалық потенциалын анықтау, ішкі тергеуді білікті жүргізу
  • Өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде клиенттің мүдделерін қорғау
  • Клиенттердің қызметкерлері үшін еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тренингтер өткізу
  • Типтік құжаттардың жобаларын дайындау (еңбек шарттары, құпия ақпаратты жарияламау туралы шарттар, қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі туралы шарттар, қызметкерлерді оқыту шарттары)
  • Меншік иесінің (құрылтайшының) компания басшылығын ауыстыру процесін, сондай-ақ құжаттаманы, кілттерді, мөрлерді және функцияларды компанияның жаңадан тағайындалған басшылығына қабылдау-тапсыру процесін толық заңды сүйемелдеу
  • Жұмыс берушінің қызметкерлермен өзара қарым-қатынасындағы ықтимал тәуекелдер мен әлеуетті анықтау
  • Еңбек инспекциясының тексерісіне дайындық. Жоспарланатын және жүзеге асырылған іс-шараларды еңбек заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бағалау
  • Құжаттар пакетін дайындау, шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративтік ауыстыру бойынша жұмысқа рұқсаттарды, шетелдіктерді Қазақстанда өз бетінше жұмысқа орналастыру құжаттарын алу және одан әрі қолдау
  • Еңбек инспекциясымен, прокуратурамен және халықты жұмыспен қамту органдарымен, көші-қон қызметі органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету
  • Еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту органдарының, көші-қон қызметі органдарының және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын тексеру нәтижелері мен іс-әрекеттеріне әкімшілік және сот арқылы шағымдану. Еңбек даулары бойынша әкімшілік және өзге сот процестерінде клиенттердің құқықтарын қорғау
  • Клиенттің мүдделерін қорғау аясында бұқаралық ақпарат құралдарын тарту және қоғамдық пікірмен жұмыс жасау
  • Клиенттердің қызметкерлері үшін еңбек заңнамасы, көші-қон, қазақстандық және шетелдік жұмыс күшін тарту және мемлекеттік органдарды тексеруге дайындау мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу
  • Жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органдар алдында клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету
  • Клиенттердің мүддесі үшін еңбек заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашылық ету және сүйемелдеу
  • Абоненттік қызмет көрсету аясында ағымдағы еңбек мәселелері бойынша ұйымдарға кеңес беру

Тәжірибе

  • Жаңартылған заңнама талаптарын ескере отырып, Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ірі отандық сервистік компания үшін әртүрлі нұсқаларда еңбек шарттарын жасау: бес күндік жұмыс аптасы үшін, вахталық жұмыскерлер үшін, шетелдік жұмыскерлер үшін
  • Еңбек және көші-қон мәселелерін тексеру нәтижелері бойынша жұмыс берушіге шығарылған ұйғарымға  сот тәртібімен шағымдану
  • Маңғыстау облысындағы ірі кен орнын игеру жобасынан жұмыс берушінің шығуына байланысты жұмыстан босатылатын қызметкерлермен жанжалды жағдайды реттеу (облыс әкімінің қатысуымен) кезінде мұнай-газ секторына сервистік қызмет көрсету бойынша отандық ірі компанияның мүдделерінде өкілдік ету
  • Құрылтайшылардың сенімін жоғалтуға байланысты ТМД-ның ірі логистикалық операторы басшылығының ауысуын ұйымдастыру және заңды сүйемелдеу
  • Ұлыбританияның ірі сервистік компаниясының кәсіподақ органдарымен ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттар жасау кезінде мүдделерінде өкілдік ету және қорғау
  • Қызметкердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына байланысты шығындарды азайтуға бағытталған келіссөздер процесінде мұнай-газ секторындағы объектілерді салуға маманданған отандық ірі компанияның мүдделерінде өкілдік ету
  • Еуропаның ірі құрылыс компаниясының бұрынғы қызметкерімен сот процесіне қатысу. Жұмыс берушінің шығындарын едәуір азайтуды көздейтін бітімгершілік келісім жасау
  • Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында Шығыс Еуропаның ірі консалтингтік компанияыы үшін жұмыс рұқсаттарын алу, есептерді дайындау және тапсыру және басқа да қажетті рәсімдерді орындау арқылы алынған жұмыс рұқсаттарын іс-әрекетте ұстап тұру бойынша ахуалға тұрақты мониторингті жүзеге асыру
  • Батыс Қазақстан облысының сотында бұрынғы қызметкердің өзінің жұмыстан босатылуына шағымдануына байланысты кипрлік ірі мұнай сервисі компаниясының мүдделерін қорғау
  • Германиядан тері күтімі құралдары нарығында көшбасшы компанияның мүдделерінде өкілдік ету – қызметкерден бұрын артық төленген сомалар, сондай-ақ қызметкердің заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалдар бойынша берешекті өндіріп алуға байланысты
  • Өндіруші ұйымның қызметкері келтірген зиянды өтеу туралы азаматтық іс бойынша сот процесіне қатысу
  • Ірі өндірістік ұйымнан заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкерді жұмысқа қайта орналастыру, мәжбүрлі жұмыстан шығу және моральдық зиянды өтеу кезіндегі орташа жалақыны өндіріп алу
  • Бұрынғы басшы қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты өтемақы төлеу талаптарына байланысты сот процестерінде поляк мұнай өндіру компаниясының мүдделерінде өкілдік ету
  • Бұрынғы жұмыс берушіден негізсіз сыйақы талап ету кезінде   бопсалау тетіктерін пайдаланатын бұрынғы жұмыскермен келіссөздер барысында АҚШ ірі машина жасау субъектісінің мүдделерінде өкілдік  ету
  • Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатылған кезде басшы қызметкердің мүддесінде өкілдік ету . Қызметкерге елеулі ақшалай және материалдық өтемақыларды (алтын парашют)төлеу талаптарын көздейтін еңбек шартын бұзуға байланысты барлық құжаттарды ресімдеуді толық сүйемелдеу
  • Компанияның барлық ішкі құжаттарын дайындай отырып, компанияның кадр қызметінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ірі қытай құрылыс компаниясы үшін заңды қорытынды дайындау
  • Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты АҚШ сағыз өндірісі бойынша әлемдік көшбасшыға кеңес беру, сондай-ақ барлық қажетті құқықтық рәсімдерді рәсімдеу