Мемлекеттік органдардың лицензиялары мен рұқсаттары
- Біз Дүниежүзілік Банктің тапсырысы бойынша Қазақстандағы лицензиялау саласында ең негізгіге айналған "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заң жобасының бас әзірлеушісі ретінде әрекет еттік
- Лицензиялар мен рұқсаттар саласында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеміз
Мемлекеттік органдардың лицензиялары мен рұқсаттары
Саят жолшы және Әріптестер Қазақстанда қолданылатын, мемлекеттік органдардың лицензиялау мен өзге де рұқсат беру қызметінің барлық бағыттарын қамтыған «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның бас әзірлеушісі болып табылады. Бұл бізге құқықтық реттеудің мазмұнына және Қазақстанның бүкіл рұқсат беру жүйесінің идеологиясын құруға елеулі ықпал етуге мүмкіндік берді.
Біздің компания тұрақты негізде клиенттерге лицензияларды, мақұлдауларды, келісулерді және мемлекеттік органдардың хабарламаларын алуға және қолдауға заң көмегін көрсетеді. Біз лицензиялық заңнама нормаларын кеңестер, ұсынымдар мен қорытындылар беру жолымен түсіндіріп қана қоймай, практикалық іс-шараларды жүзеге асырамыз, қажетті құжаттар топтамасын дайындауға жәрдем көрсетеміз және лицензияларды беру, ұзарту, ауыстыру, қайта ресімдеу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тексерулер жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар алдында мүдделерінде өкілдік етеміз.
Бүгінгі таңда Қазақстан заңнамасында 84 лицензия және 227 өзге де рұқсаттар қарастырылған. Рұқсат беру рәсімдерін қолдану арқылы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу іс жүзінде барлық компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайды. Бұл бағыт біз үшін және біздің клиенттеріміз үшін аса маңызды, өйткені тиісті лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен ережелерді бұза отырып қызметпен айналысу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сонымен қатар, лицензияланатын қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс мемлекеттік бюджетке алынуға жатады.
Қызмет түрлері / көмек
- Клиенттердің лицензиялар мен басқа да рұқсат құжаттарын алу процестерін заңды сүйемелдеу
- Лицензия немесе рұқсат алу үшін талап етілетін құжаттарды заңды рәсімдеуге жәрдем көрсету
- Лицензиялар мен рұқсаттарды алу үшін талап етілетін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың келісімдерін алу процесін заңды сүйемелдеу
- Қазақстанда жұмыс істеу үшін қажетті лицензиялар мен басқа да рұқсаттардың тізімін анықтау үшін клиенттің қызметіне заңды аудит жүргізу
- Клиенттің қызмектерлерін бұрын алынған лицензияларды немесе өзге рұқсаттарды күшінде ұстау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың тексерулеріне дайындау
- Клиенттің пайдасына лицензиялау саласындағы мемлекеттік органдардың актілері мен әрекеттеріне шағымдану
Негізгі тұлғалар
Тәжірибе
- Құрылыс материалдарын сатуды жүзеге асыратын ірі қазақстандық өндірістік-сауда компаниясының алдағы қызметіне жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті барлық талап етілетін лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарының тізбесін айқындау тұрғысынан толық сараптама жүргізу және Клиенттің барлық талап етілетін рұқсат беру құжаттары мен лицензияларын алуына кешенді жәрдем көрсету
- Қашаған кен орнын игеруді жүргізетін ірі халықаралық бірлескен операциялық компанияның алдағы қызметіне жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті барлық талап етілетін лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарының тізбесін айқындау тұрғысынан толық сараптама жүргізу және клиенттің барлық талап етілетін рұқсат беру құжаттары мен лицензияларын алуына кешенді жәрдем көрсету
- Ірі қазақстандық компанияның көмірсутегі шикізатын және оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу бойынша алдағы қызметіне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті барлық талап етілетін құжаттардың тізбесін (сәйкестік сертификаттары, ұйымдардың стандарттары, химиялық өнімді тіркеу) айқындау тұрғысынан оларды алу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын түсіндіре отырып, толық сараптама жүргізу
- Ірі қазақстандық телекоммуникациялық компания үшін жоғары технологиялық авторлық құқық объектісін мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар пакетін дайындау және куәлік алу
- Шығыс Еуропа құрылыс компаниясы үшін табиғатты қорғауды жобалауға лицензия алу
- Ірі қазақстандық сақтандыру компаниясына лицензия алу
- Алкогольді өндіру және сату бойынша ТМД көшбасшыларының бірі үшін алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу
- Қазақстандық фармацевтикалық компания үшін дәрілік заттарды өткізуге лицензия алу
- Ірі еуропалық фармацевтикалық компания үшін дәрілік заттарды өткізуге лицензия алу
- Үндістандық құрылыс компаниясы үшін жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу және растау
- Ірі батыс еуропалық жобалау-құрылыс компаниясы үшін жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына I санаттағы лицензияны алу және растау
- Латвиялық құрылыс компаниясы үшін жобалау, құрылыс-құрастыру жұмыстарына лицензия алу және растау
- Үндістандық мұнай-газ компаниясы үшін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға лицензия алу
- Ірі кипрлық мұнай-газ компаниясы үшін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға лицензия алу
- Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арналған лицензияға қатысты қоршаған ортаны қорғау және техникалық қадағалаудың орталық органдарының қорытындыларын алу
- Екі үлестес сервистік мұнай-газ компаниялары үшін тұз қышқылын пайдалануға байланысты қызметке екі лицензия және тиісті квоталарды бір мезгілде айтарлықтай көлемде алу
- Үндістандық сервистік мұнай-газ компаниясы үшін бұрғылау, ұңғымаларды сынау және жөндеу және осыған байланысты жұмыстарға лицензия алу және жыл сайын растау
- Ірі сербтік сервистік мұнай-газ компаниясы үшін ұңғымаларды бұрғылау, сынау және жөндеу және осыған байланысты жұмыстарға лицензиялар алу және жыл сайын растау
- Электр энергетикасы саласындағы ірі халықаралық компания үшін капитал қозғалысымен байланысты операцияларға ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясын алу
- Сервистік мұнай-газ компаниясы үшін иондаушы сәулеленудің бірнеше көздерін пайдалануға және импорттауға лицензия алу
- Бірнеше еуропалық компаниялар үшін әртүрлі нысандарды жобалауға, салуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған лицензиялардың едәуір санын алу және растау
- Клиенттің (үндістандық құрылыс компаниясының) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу процесін заңды сүйемелдеу
- Клиенттің (ірі сербтік жобалау-құрылыс компаниясының) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу процесін заңды сүйемелдеу
- Клиенттің (латвия құрылыс компаниясының) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу процесін заңды сүйемелдеу
- Клиенттің (үндістандық мұнай-газ компаниясының) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу процесін заңды сүйемелдеу