Өнеркәсіп және энергетика

Өнеркәсіп және энергетика

Осы салада біздің энергия ресурстарын тұтынуды құқықтық реттеу саласында терең және егжей-тегжейлі біліміміз бар. Біздің команда Қазақстандағы түрлі халықаралық энергетикалық және өндіруші компаниялардың мүдделерінде өкілдік етті, сондай-ақ уран кен орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды пайдаланудың басқа да салаларында қызметтер көрсетті. Біздің тәжірибеге жер және пайдалы қазбалар құқығы, лицензиялау, жекешелендіру, дәрменсіздік, сыртқы экономикалық қызмет, сауда және іскерлік стандарттар мен тәжірибе сияқты мәселелер бойынша кеңес беру кіреді.

  • Электр энергетикасы саласындағы жаһандық компания үшін капитал қозғалысымен байланысты операцияларға ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясын алу
  • Газ турбиналық электр станциясын және компрессорлық қондырғыларды пайдаланумен және қызмет көрсетумен айналысатын қазақстандық компаниядағы қатысу үлесін сатып алу-сату мәмілесіне монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алу
  • Бірқатар ірі энергетикалық компанияларды тарату рәсімін заңды сүйемелдеу
  • ТМД елдерінің бірінен энергетикалық активтерді сатып алу бойынша заңды қорытынды дайындау
  • Монополияға қарсы органның бәсекелестікке қарсы келісімдер мен үстем жағдайды теріс пайдаланушылық жасады деген айыптарын даулау бойынша бірінші сатыдағы сотта ірі энергетикалық компанияның құқықтары мен мүдделерін білдіру, соның нәтижесінде айыппұл есептеу жөніндегі іс-әрекеттер заңсыз деп танылды
  • Екібастұз ГРЭС-2 пайдалану бойынша бірлескен кәсіпорынның құрамына кірген шетелдік инвестордың мүддесі үшін елдің барлық электр энергиясының шамамен 12% өндіретін Қазақстанның ірі электр станцияларының бірі Екібастұз ГРЭС-2 активтерін кешенді заңды тексеру
  • Нұр-Сұлтан қ.бүкіл энергетикалық кешенінің жұмыс істеуінің барлық заңды қажеттіліктерін кешенді сүйемелдеу (жылу және электр энергиясын генерациялау, оны бөлу және өткізу)
  • Қазақстанның Павлодар облысындағы энергетикалық кешен активтерін сатып алу және кейіннен сату процесінде Клиентті кешенді заңды тексеру және толық заңды сүйемелдеу
  • Екібастұз қ.барлық энергетикалық кешенінің жұмыс істеуінің барлық заңды қажеттіліктерін кешенді сүйемелдеу (жылу және электр энергиясын генерациялау, оны бөлу және өткізу)
  • Қазақстанның Қарағанды облысындағы энергетикалық нысандардың бірін құру,  құрылымдау және израильдік инвесторға сату
  • Қазақстанның Жамбыл облысының барлық энергетикалық кешенінің жұмыс істеуінің барлық заңды қажеттіліктерін кешенді сүйемелдеу (жылу және электр энергиясын генерациялау, оны бөлу және өткізу)
  • Fortune 200 тізіміне кіретін ірі шетелдік энергетикалық компанияның Қазақстандағы қызметін толық заңды сүйемелдеу
  • Қазақстанның Атырау облысының барлық энергетикалық кешенінің жұмыс істеуінің барлық заңды қажеттіліктерін кешенді сүйемелдеу (жылу және электр энергиясын генерациялау, оны бөлу және өткізу)