Құпиялылық кепілдігі

Құпиялылық кепілдігі

«Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсе нысанында құрылған. Бізге заңда белгіленген ережелер мен адвокаттық құпияның кепілдіктері қолданылады. ҚР заңнамасына сәйкес адвокатқа жүгіну фактісінің өзі, клиенттермен және басқа да тұлғалармен келіссөздердің мазмұны туралы мәліметтер, сондай-ақ заң көмегін көрсетуге қатысты өзге де ақпарат адвокаттық құпия болып табылады.

Сонымен қатар, адвокаттық қызметке араласуға немесе  бұл қызметке қандай да бір тәсілмен кедергі жасауға заңмен тыйым салынады. Адвокаттан өзінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыруына байланысты белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алуға да тыйым салынады.

Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратура, компьютерлік техника тексеріп қарауға, тексеруге, алуға, алып қоюға және тексерілуге жатпайды. Адвокаттардың қызметіне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке  тартылады.