Жаңалықтар
1705.2022
SZP аға әріптесі Айдын Бикебаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» жаңа Конституциялық заңның жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты
2022 жылғы 17 мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» жаңа Конституциялық заңның жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Айдын Бикебаев Республикалық адвокаттар алқасының ғылыми-консультативтік кеңесі (бұдан әрі-ҒКК) құрамында жұмыс тобының отырысына қатысты.
РАА ғылыми-консультативтік кеңесі әзірлеушіге ұсынылатын заң жобасына ескертулер мен ұсыныстарды қоса алғанда, адвокатура ұстанымын әзірлейді. Атап айтқанда, кейбір ұсыныстар конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау жөніндегі негізгі орган ретінде Конституциялық сотты ашықтық және айқындық қағидаттарында қалыптастыру тәртібімен байланысты.