Жаңалықтар

1905.2022

2022 жылғы 18 мамырда SZP аға әріптесі Айдын Бикебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан ЖИЕНБАЕВПЕН кездесті

Айдын Бикебаев адвокатураның ағымдағы жағдайы, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіндегі адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің төмендігі, қылмыстық процесте адвокаттың мәртебесін арттыру қажеттілігі, адвокаттық қызмет кепілдіктерін күшейту мәселелері туралы айтып өтті. Республикалық адвокаттар алқасының ұсыныстары жалпы қолдау тапты, Адвокатураны дамыту тұжырымдамасының ережелерін іске асыру тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс тәртібінде  жүргізілетін болады.