Жаңалықтар

3005.2022

SZP АҒА ӘРІПТЕСІ АЙДЫН БИКЕБАЕВ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯҒА ҚАТЫСТЫ

27 Мамырда Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық үкіметтік комиссияның 586-шы отырысы өтті.

Отырыс барысында «Жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасы қаралды. 

Комиссия мүшелеріне Республикалық адвокаттар алқасының алқабилер сотын енгізу мәселелері бойынша РАА ҒКК әзірлеген ұстанымы ұсынылды.

Комиссия Үкіметтің заң жобалау бастамаларын алдын ала қарауды жүзеге асыратын өзіндік «сүзгі» ретінде әрекет етеді.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіреді.