Банктер және қаржы
Біздің адвокаттар мен заңгерлер Қазақстанның көптеген ірі банктеріне, соның ішінде шетелдік банктердің өкілдіктеріне кеңес береді. Біздің көмегімізге/қызметтерімізге мәмілелерді реттеу және құрылымдау, банк активтеріне құқықтарды басқару және оларды шоғырландыру, филиалдар желісін құру, сондай-ақ әртүрлі кәсіпорындарға кредит беру жүйесін әзірлеуге қатысу, кредиттерді қайта құрылымдау істері бойынша жетекші банктердің мүдделерінде өкілдік ету мәселелері бойынша кеңестер беру кіреді. Сондай-ақ біз клиенттерімізге бағалы қағаздармен және қатысу үлестерімен көптеген мәмілелерді жүзеге асыруда көмек көрсетеміз.
Тәжірибенің негізгі құзыреттері:
- Жалпы сомасы 200 млн.USD астам кредиттік жобалар бойынша Қазақстан Республикасындағы ТМД ірі банктерінің бірінің қызметін сүйемелдеу
- Ірі еншілес шетелдік банктің шарттық міндеттемелері бойынша қызметін сүйемелдеу
- Қажетті корпоративтік құжаттарды дайындауды қоса алғанда, шетелдік банк өкілдігін есептік тіркеуге жәрдем көрсету
- Халықаралық исламдық қаржы ұйымы үшін исламдық қаржыландырудың бірқатар мәмілелері бойынша 60 млн.USD астам сомаға бірқатар заңды қорытындылар дайындау
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласында кредит беру жүйесін әзірлеуге қатысу
- Халықаралық қаржы корпорациясынан айырбасталатын қарыз алу бойынша мәмілені сүйемелдеу
- Қазақстандық банк алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде Қырғыз Республикасының тәуелсіз кепілдігін алу үшін Қырғыз заңнамасына талдау жүргізу
- Энергетикалық және ауыл шаруашылығы салаларының бірқатар ірі компанияларына банктік қарыз шарттарын жасау және орындау процесінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес беру
- Проблемалық кредиттерді өндіріп алуға және қайта құрылымдауға байланысты бірқатар жобалар бойынша қазақстандық ірі банктердің бірімен бірлескен жұмысқа қатысу
- Қазақстандық ірі банктің мүдделеріне тұрақты қызмет көрсету
- Ресейдің екі ірі банкінің мүдделеріне тұрақты қызмет көрсету
- Ірі еншілес ағылшын банкінің мүдделеріне тұрақты қызмет көрсету
- Қазақстандық инвесторлардың голланд банкі алдындағы шамамен 10 млн. USD сомаға берешегін реттеу бойынша жобаны толық заңды сүйемелдеу
- Қазақстандық өндірістік кәсіпорынға Дания банкімен 5 млн. EUR астам сомаға мәміле жасау бойынша заң көмегін көрсету
- Американдық қаржы институтымен өзара қарым-қатынастарды реттеу мәселесі бойынша қазақстандық банктердің біріне, соңғысының Банктің жарғылық капиталына ақшаны инвестициялаудан бас тартуына байланысты заң көмегін көрсету
- Клиенттерге бірнеше миллиард USD сомасына банктік қарыздарды рәсімдеу кезінде көмек көрсету
- 60 млн.USD астам сомаға кредиттік жобалар бойынша Қазақстан Республикасындағы ТМД-ның ірі банктерінің бірінің қызметін сүйемелдеу
- 5 млн. USD астам сомаға проблемалық кредиттерді қайта құрылымдау бойынша қазақстандық жетекші банктердің бірінің мүдделерінде өкілдік ету
- Ірі еншілес шетелдік банктің шарттық міндеттемелері бойынша қызметін сүйемелдеу
- Еуропалық банк үшін 50 млн.USD астам сомаға қарыз алушының корпоративтік мәртебесі бойынша заңды қорытынды дайындау
- 25 млн.USD астам сомаға исламдық қаржыландыру бойынша қарыз алушының корпоративтік мәртебесі бойынша ірі исламдық қаржы корпорациясы үшін заңды қорытынды дайындау
- 200 млн. USD астам сомаға халықаралық қаржы Банкінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қарызды тіркеуге заңды сүйемелдеу жүргізу
- Шарттағы тараптардың 150 млн.USD астам сомаға өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде валюталық операцияны қайта тіркеуге жәрдем көрсету
- Қазақстанда ірі микрокредиттік ұйымдардың бірін құру