Дауларды шешу
- Chambers and Partners басылымының жарияланымы бойынша «Төрелік және сот процестері саласындағы өзінің мықты тәжірибесінің арқасында ерекше танымал»
- Legal500 EMEA жарияланымы бойынша «Өз құнына лайықты «қызмет көрсететін» «тамаша» және «жоғары кәсіпқой» адвокаттық кеңсе
Дауларды шешу
- Корпоративтік заңгерлердің жыл сайынғы Форумы аясында қатарынан төрт жыл «Сот процестері саласындағы үздік команда» ;
- Legal 500 EMEA жарияланымы бойынша «Саят Жолшы және Әріптестер – корпоративтік және банктік даулар саласындағы негізгі атау».
Сот даулары бойынша «Саят Жолшы және Әріптестер» командасының күрделі сот процестерін жүргізуде 20 жылдық тәжірибесі бар. Осы жылдар ішінде біздің адвокаттар мен заңгерлер Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы және барлық деңгейдегі соттарға, сондай-ақ жетекші қазақстандық төрелік институттарына қатысты.
Біз үшін сот процестерін жүргізу – бұл өзінше өнер. Бірқатар жағдайларда біз дауды жүргізудің ерекшелігі мен тактикасын ескеретін, сондай-ақ контрагенттердің ықтимал іс-қимылдарын ескеретін кешенді шешімдерді ұсынамыз.
«Саят Жолшы және Әріптестер» Chambers Global, Chambers Asia Pacific, Asialaw Profiles халықаралық рейтингтік басылымдарымен өзінің әрекет ету тарихында Қазақстан Республикасындағы сот даулары бойынша жетекші адвокаттық кеңсе (заң фирмасы) ретінде әрдайым ұсынылып келеді.
Дауларды шешу практикасын басқаратын Аға серіктес Виталий Водолазкин соңғы жылдар бойына Chambers, The Legal 500, asialaw Profiles халықаралық басылымдарымен дәйекті түрде Қазақстанның жетекші заңгерлерінің қатарына енгізіліп келеді.
Ол аталған басылымдармен Қазақстан Республикасындағы сот даулары, оның ішінде төрелік бойынша танымал маман ретінде ұсынылған.
Жыл сайын өткізілетін Қазақстандық Корпоративтік Заңгерлердің Форумы аясында «Саят Жолшы және Әріптестер» командасына осы номинация берілген барлық жылдар бойына «Сот процестері саласындағы үздік команда» марапаты табыс етіліп келді.
«Саят Жолшы және Әріптестер» көптеген серіктестері Қазақстандық халықаралық төреліктің тұрақты төрешілері болып табылады.
Біз 2016 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласының сотында және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралатын инвестициялық және олармен байланысты дауларға ерекше назар аударып келеміз. Іс жүзінде, қазір бұл санатқа шетелдік инвесторлардың мемлекеттік органдармен даулары, соның ішінде салық және кеден органдарымен салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қосымша есептеу бойынша даулар кірді.
Біз соттар мен төреліктердің шешімдерін орындауға ерекше мән береміз. Азаматтық процестің осы маңызды кезеңінде біз сот шешімін жедел, толық орындау және сол арқылы клиенттеріміздің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мақсатында жеке сот орындаушыларымен жұмыс істеу барысына барынша күш-жігерімізді саламыз.
«Саят Жолши және Әріптестер» Заң фирмасы мол тәжірибеге даулардың түрлері:
- Дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы даулар;
- Банктер мен қарыз алушылар арасындағы даулар, соның ішінде берілген кепілдіктер мен берілген кепілдер аясында;
- Құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы даулар;
- Инвестициялық даулар және олармен байланысты даулар (Нұр-Сұлтан қ. Сотында және ҚР Жоғарғы сотында қаралады);
- Монополияға қарсы даулар;
- Салықтық даулар;
- Кедендік даулар;
- Экологиялық даулар;
- Мемлекеттік органдармен даулар;
- Корпоративтік даулар (миноритарлық және мажоритарлық акционерлер мен қоғамның мүдделерінде өкілдік ету, қоғамның басқару органдарының шешімдеріне және мәмілелеріне шағымдану, қоғам қызметі туралы ақпаратты талап ету және т. б.);
- Жер қойнауын пайдалану саласындағы даулар;
- Зияткерлік меншік саласындағы даулар;
- Оңалту және банкроттық саласындағы даулар (кредиторлардың да, борышкерлердің де мүдделерінде өкілдік ету);
- Мәмілелерді (шарттарды, келісімдерді, кепілдіктерді және т. б.) жарамсыз деп тану;
- Сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану;
- Төрелік шешімдерге шағымдану.
Қызмет түрлері / көмек
- Қазақстан Республикасындағы қазақстандық төреліктердің шешімдерінің күшін жою немесе оларды орындау мәселелері бойынша клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету
- Қазақстан Республикасында шетелдік төреліктердің шешімдерін тану және орындау мәселелері бойынша клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету
- Шетелдік клиенттер үшін Қазақстан Республикасының төрелік саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау
- Қазақстан Республикасында шетелдік төреліктердің шешімдерін мойындау және орындау мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау
- Атқарушылық іс жүргізу аясында іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу (мүлікке тыйым салу, мүлікті өндіріп алуға жүгіну, атқарушылық іс-әрекеттерді үйлестіру және т. б.)
- Барлық деңгейдегі Қазақстан Республикасының соттарында және Атқарушылық іс жүргізу аясында төрелікте клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету
- Процессуалдық сипаттағы құжаттарды (талап арыздар, шағымдар, өтінішхаттар, пікірлер, қарсылықтар, келісімдер және басқа да процессуалдық құжаттар) әзірлеу және жасау
- Сот шешімінің одан әрі тиісінше орындалуына ықпал ететін барабар қамтамасыз ету шараларын қолдануға жәрдем көрсету
- Дәлелдемелер жинау
- Сот процесін жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жасау
- Дауды соттан тыс тәртіппен реттеу бойынша келіссөздер жүргізу кезінде клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету (егер қолданылса)
- Дауды соттан тыс тәртіппен реттеу мақсатында құжаттарды дайындау (егер қолданылса)
- Даулы қарым-қатынастарды заңды талдау және клиентте туындайтын мәселелер бойынша құқықтық қорытындыларды дайындау
Негізгі тұлғалар
Тәжірибе
- Ірі агроөнеркәсіптік кешеннің шамамен 350 дебитордан тұратын жалпы сомасы 15 млн, АҚШ долларынан асатын дебиторлық берешегін өтеу бойынша жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатта дебиторлық берешекті реттеу жүзеге асырылды, дебиторлық берешектің туындауының әрбір жағдайына талдау жүргізілді және әрбір дебиторға мәселені шешудің жеке тәсілі қолданылды. Осылайша, бірқатар дебиторлар бойынша берешекті ерікті түрде өтеу туралы, не берешекті өтеу мерзімін ұзарту туралы, не борышты аудару туралы келісімдерге қол жеткізілді. Басқа дебиторлар бойынша үмітсіз берешекті есептен шығару туралы заңды қорытындылар дайындалып, есептен шығару үшін тиісті құжаттар алынды. Дебиторлардың негізгі бөлігі бойынша берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының соттарында сот тәртібімен жүргізілді.
- Ірі қазақстандық банктің пайдасына 7 млн АҚШ доллары көлемінде проблемалық берешек өндірілді. Жоба аясында қалыптасқан құқықтық қатынастарға заңгерлік талдау жүргізілді, процестік құжаттар дайындалды және ірі қазақстандық банк ірі ауыл шаруашылығы холдингіне берген «проблемалық» кредитті сот тәртібімен өндіріп алу табысты жүргізілді. Бірінші сатыдағы соттың шешімін жоғары тұрған сатылардағы соттар күшінде қалдырды.
- Шетелдік қордың қазақстандық банктің жарғылық капиталына ақша инвестициялаудан бас тартуынан келтірілген 2 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі залалды өтеу туралы мәселе сот тәртібімен реттелді. Сот процесі барысында залалды ерікті түрде өтеу туралы бітімгершілік келісімге қол жеткізілді.
- Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында мұнай өндіруді жүзеге асыратын ірі жер қойнауын пайдаланушыға 65 млн. АҚШ доллары сомасына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді заңсыз есептеу сот тәртібімен сәтті шешілді. Өтініш берушінің талаптарын қанағаттандыру туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін жоғары тұрған сатыдағы соттар өзгеріссіз қалдырды.
- Монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою және бюджетке 23 млн. АҚШ долларынан астам сомаға монополиялық кірісті аудару туралы шетелдің қатысуымен ірі энергетикалық холдингке қатысты монополияға қарсы органның бірқатар ұйғарымдарына шағымдану ісі бойынша жеңіске қол жеткізілді. Өтініш берушінің талаптарын қанағаттандыру туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін жоғары тұрған сатыдағы соттар өзгеріссіз қалдырды.
- Қазақстан Республикасының соттарында монополияға қарсы органның ұйрағымына шағымдану бойынша ірі ұялы байланыс операторының мүдделері сәтті ұсынылды.
- Холдинг басшылығының бірқатар заңсыз әрекеттеріне шағымдану арқылы холдингтегі тікелей мүдделерін қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасының ірі азық-түлік холдингі акционерінің мүдделері сәтті қорғалды. Бірінші сатыдағы соттың шешімін жоғары тұрған сатыдағы соттар өзгеріссіз қалдырды.
- Қазақстандық ірі холдингтің 17 млн. АҚШ долларынан астам сомаға кепілдік міндеттемені жарамсыз деп тану бойынша мүдделері сәтті ұсынылды. Бірінші сатыдағы соттың шешімін жоғары тұрған сатыдағы соттар өзгеріссіз қалдырды.
- Ірі қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорынның банкроттық рәсімінде ірі американдық халықаралық телекоммуникациялық компанияның мүдделері сәтті ұсынылды.
- Мажоритарлық акционермен және акционерлік қоғаммен дауда миноритарлық акционердің мүдделері сот тәртібімен кешенді қорғалды. Бұл дауда ірі кондитерлік өнімдерді өндірушілердің бірі қатысты.
- Біздің сот тәртібінде белсенді қатысуымызбен қазақстандық жетекші банкпен 14 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ірі инвестициялық компаниялардың бірінің дау-дамайы реттелді. Осы дау аясында бірнеше ондаған сот даулары, соның ішінде кепілгерлердің, кепіл берушілердің қатысуымен қаралды.
- Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгілерін пайдалануға қатысты бірқатар сот дауларында жетекші халықаралық тамақ өнімдерін өндірушінің мүдделері ұсынылды.