Реабилитациялау және банкроттау

«Заңгерлер командасының банкроттық мәселелері бойынша дәрменсіз компанияларға, сондай - ақ төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселелер бойынша банкроттықты (оңалтуды) басқарушыларға кеңес беруде мол тәжірибесі бар», - asialaw Profiles.


Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Реабилитациялау және банкроттау

«Саят Жолшы және Әріптестер» командасының Қазақстанда оңалту және банкроттық рәсімдерін сүйемелдеуде  зор  тәжірибесі бар.

Соңғы жылдары біздің  адваокаттар мен заңгерлер ритейлде, энергетикада, кинопрокатта, құрылыста, жер қойнауын пайдалануда және экономиканың басқа да негізгі салаларында жұмыс істейтін бірегей кәсіпорындардың оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысты.

Сондай-ақ біз банкті мәжбүрлеп тарату аясында кредиторлардың мүдделерінде  өкілдік еттік.

Біз борышкерлер үшін де, кредиторлар үшін де оңалту және банкроттық рәсімдерін кешенді сүйемелдеуді ұсынамыз.

Оңалту және банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнама, Қазақстандағы ең күрделі заңнаманың бірі болып табылады. Біздің заңгерлердің соңғы 20 жыл бойына  жинақтаған құқық қолдану тәжірибесі қажетті міндеттерді уақытында шешуге мүмкіндік береді.

«Саят Жолшы және Әріптестер» Chambers Global, Chambers Asia Pacific, asialaw Profiles халықаралық рейтингтік басылымдары сот даулары, оның ішінде Қазақстан Республикасында оңалтумен және банкроттықпен байланысты даулар бойынша жетекші  адвокаттық кеңсесі (заң фирмасы) ретінде барлық соңғы жылдар бойына әрдайым ұсынып келеді.

Оңалту және банкроттық бойынша практиканы басқаратын Аға әріптес Виталий Водолазкин соңғы жылдар бойына  дәйекті түрде Chambers, The Legal 500, asialaw Profiles халықаралық басылымдарымен Қазақстанның жетекші заңгерлерінің қатарына қосылып келеді.

Ол  аталған басылымдар Қазақстан Республикасындағы сот даулары, оның ішінде оңалту және банкроттық саласындағы сот даулары бойынша танылған маман ретінде ұсынылған.

Қызмет түрлері / көмек

  • Борышкерді банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш дайындау және беру
  • Оңалту және/немесе банкроттық туралы істерде борышкерлердің немесе кредиторлардың мүдделерінде өкілдік ету
  • Барлық деңгейдегі соттарда сот отырыстарына қатысу
  • Кредиторлардың жиналыстарына/комитеттеріне қатысу
  • Оңалтуды / банкроттықты басқарушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
  • Кредиторлардың жиналысының/комитетінің әрекеттеріне шағымдану
  • Оңалту және банкроттық рәсімдері аясында сатып алу-сату мәмілелерін сүйемелдеу
  • Оңалту және банкроттық саласындағы жалпы мәселелер бойынша кеңес беру
  • Банкроттық саласындағы қылмыстық істерде мүдделерінде өкілдік ету
  • Банкті мәжбүрлеп тарату аясында банк депозиторлары мен клиенттерінің мүдделерінде өкілдік ету

Тәжірибе

  • Оңтүстік Қазақстанда жұмыс істейтін ірі энергия таратушы кәсіпорынның банкроттық рәсімінде борышкердің мүдделерінде өкілдік ету
  • Ірі кинотеатрлар желісін оңалту рәсімінде борышкердің мүдделерінде өкілдік ету. Оңалту рәсімі борышкердің кредитор-баннкінің   белсенді қатысуымен өтті
  • Қазақстандағы биоэтанолдың ірі өндірушісіне қатысты банкроттыққа бастамашылық жасау рәсімінде американдық трансұлттық телекоммуникациялық компания-кредитордың мүдделерінде өкілдік ету
  • Мұнай саласында жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы компанияға қатысты қолданылған оңалту рәсімінде кредитордың мүдделерінде өкілдік ету
  • Ірі құрылыс компаниясына қатысты қолданылған оңалту рәсімінде кредитордың мүдделерінде өкілдік ету
  • Жер қойнауын пайдаланушы компанияның банкроттық рәсімінде ірі мұнай сервистік компанияның мүдделерінде өкілдік ету
  • Банкті мәжбүрлеп тарату аясында ресейлік көлік компаниясының мүдделерінде өкілдік ету
  • Жетекші бөлшек сауда желісінің банкроттық рәсімінде тамақ өндірушілердің мүдделерінде өкілдік ету

Марапаттар