Арман Бердалин

Арман Бердалин

Аға әріптес

Адвокат

Нұр-Сұлтан қаласындағы кеңсе басшысы

Мамандандыру:
  • Корпоративтік құқы және басқару / M&A мәмілелері
  • Нормашығармашылық

+7 (7172) 797 707

aberdalin@szp.kz 

Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Қауымдастықтарға мүшелік:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
  • «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес
  • Қазақстандық халықаралық төрелік, төреші
  • Қазақстанның адвокаттар одағы, Бақылау кеңесінің мүшесі
  • Алматы қалалық адвокаттар алқасы

Жұмыс тәжірибесі:

Бірнеше жылдар бойына  Арман түрлі рейтингтік басылымдар (Chambers, Legal500, Asia Law Profiles, IFLR 1000, who ' s Who Legal және басқалары) тарапынан жыл сайын танылып келеді. Оның қызметіне түсініктемелердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

«Арман Бердалин корпоративтік құқық, бірігу және жұтылу  саласындағы мол тәжірибесі үшін танымал болып отыр. Ол осы салада заңгер ретінде де, ғалым ретінде де ерекшеленеді. Сұхбат алушылар оның  табандылығына, ұйымдастырушылық шеберлігіне және материалды ұсыну қабілетіне таң қалды».

«Саят Жолшы және  Әріптестер»  Нұр-Сұлтан қаласындағы кеңсесінің басшысы бола отырып  Арман квазимемлекеттік сектор компанияларымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Осы жобалар аясында  Саят Жолшы және әріптестер мемлекеттің екінші деңгейдегі банктердің акционерлері қатарынан (БТА, Альянс Банк, Темірбанк) шығуына, тау-кен компанияларының акцияларын сатып алуға, ұлттық компанияларды қайта ұйымдастыруға қатысты. Сондай-ақ, Арман Қазақстанда құрылатын арнайы экономикалық аймақтардың бірыңғай үйлестіру орталығына заңгерлік қолдау көрсету бойынша жобаны басқарды.

Сонымен қатар Арман халықаралық даму институттарымен ынтымақтастық бойынша жұмыс тәжірибесіне ие. Үш жыл бойына ол Қазақстандағы корпоративтік басқаруды дамыту бойынша IFC-мен (Дүниежүзілік банк тобының мүшесі)  әріптестік жобасында Саят Жолшы және Әріптестер атынан  өкілдік етті. Сондай-ақ Арман Қазақстанның Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын реформалауға бағытталған Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкіне қызмет көрсету бойынша жобаны басқарды.

Арман танымал заңгер ғана емес, сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымға ие. Ол Қазақстанның басқа да бірқатар жетекші заңгерлерімен бірге қазіргі уақытта сәтті жұмыс істеп келе жатқан Kazakhstan Bar Association -Қазақстанның Коммерциялық заңгерлерінің қоғамдық бірлестігіне бастамашылық етті. Арман Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамына кіргізілді. Осыған байланысты Арман заң жобаларының тұжырымдамаларын және Заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарауға тікелей қатысады.

Осылайша, жоғарыда аталған жобалар аясында Арман даму институттарымен (IFC, EBRD), мемлекеттік органдармен (Ұлттық банк, бейінді министрліктер), квазимемлекеттік сектормен («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ), Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан қор биржасымен, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен, Екінші деңгейдегі банктермен өзара әрекеттестікте кеңсенің күш-жігерін үйлестірді және үйлестіріп келеді.

Арман тұрақты негізде қазақстандық және халықаралық конференцияларда сөз сөйлейді, заңнама мен тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтерді (Самұрық-Қазына Корпоративтік университеті, Қазақстандық Экономика Менеджменті және Болжамдау институты, Филип Моррис Қазақстан, ҚМГ және т.б. секілді ірі компаниялар үшін ашық және корпоративтік семинарларды)  өткізеді.


Білімі:

Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы, Кәсіпкерлік құқық факультеті, 2000 ж.


Тілдер:

•  орыс тілі
•  ағылшын тілі