Кеңісші
Адвокат
Мамандандыру:
+7 (727) 2222 711
asandybaeva@szp.kz
Қауымдастықтарға мүшелік:
- Алматы қалалық адвокаттар алқасы
- Қазақстанның адвокаттар одағы
- Қазақстандық халықаралық төреліктің төрешісі
Жұмыс тәжірибесі:
Әсел азаматтық және қылмыстық заңнама мәселелерімен айналысты, әртүрлі мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарда клиенттердің мүдделерінде өкілдік етті, оның ішінде олардың іс-әрекеттеріне (ұйғарымдарына) шағымдану мен соттардағы өкілдік ету бойынша.
Сондай-ақ көлік, мұнай және ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың (due diligence) құқықтық жай-күйіне кешенді құқықтық сараптамаларды жүзеге асыруға қатысты. Бірнеше рет ірі жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу-сату мәмілелерін заңды сүйемелдеуді жүзеге асырды.
Аралық және төрелік талқылауларға, мәжбүрлеп орындату және олардың шешімдеріне шағымдану процестеріне қатысты. Әр түрлі мерзімді басылымдарда аралық соттар мен төреліктердің қызметін құқықтық реттеу мәселелерін бірнеше дүркін жариялады.
Қазақстанның электр энергетикасы, газ шаруашылығы, құрылыс саласындағы ірі кәсіпорындардың қызметін абоненттік негізде заңды сүйемелдеуге қатысты. 1 млрд. теңге сомасына дебиторлық берешекті өндіру бойынша жұмыс тобын басқарды. Әсел екі жинақтаушы зейнетақы қорын біріктіру бойынша бірегей жобаға қатысты.
Білімі:
- Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы, Кәсіпкерлік құқық факультеті, үздік диплом
- Каспий Қоғамдық Университеті, «Әділет» Жоғары құқық мектебі, «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратура.
Тілдер:
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
- Қазақ тілі