Әріптес
Адвокат
Мамандандыру:
+7 (727) 2222 711
chumakov@szp.kz
Қауымдастықтарға мүшелік:
- Алматы қалалық адвокаттар алқасы
Жұмыс тәжірибесі:
Дмитрий Sayat Zholsy & Partners командасының серіктесі және тұрақты мүшесі болып табылады.
2008 жылдан бастап лицензиялар мен рұқсаттар бойынша, мемлекеттік органдарды тексеру кезінде клиенттердің мүдделерін қорғау бойынша, корпоративтік және еңбек құқығы бойынша мамандандыруларды басқарды.
Құрылыс, мұнай-газ, аграрлық, медициналық, машина жасау және ғылыми бейіндегі ірі сауда, өндірістік және сервистік компаниялардың қызметін заңды сүйемелдеу, сондай-ақ оларды қайта ұйымдастыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар.
Заң шығару жұмыстарында белсенділік танытты. 29 Заң жобасын және Үкімет пен Министрліктердің 150-ден астам заңға тәуелді актілерін әзірлеуге қатысты. 2013 жылы Дмитрий Дүниежүзілік банктің және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының жобасын дайындау бойынша ауқымды жұмысты басқарды, бұл Sayat Zholsy & Partners-ке лицензиялар мен рұқсаттар алу бойынша қызметтер көрсететін компания болып қана қоймай, белгілі бір тұрғыдан Қазақстандағы барлық лицензиялық және рұқсат беру мәселелерін құқықтық реттеудің идеологы болуға мүмкіндік берді.
Sayat Zholsy & Partners командасына қосылғанға дейін елдегі ең ірі лизингтік компанияның заң департаментін (қызметін) басқарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі жанындағы Ұлттық заң қызметінде жұмыс істеді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мәселелері бойынша келіссөздер тобының құрамына қатысты. ЕурАзЭҚ органдарының жұмысында қазақстан тарапынан сарапшы болды. Бірнеше рет ірі бюджеттік несиелер мен субсидиялар бөлу бойынша жобаларды заңды сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Қазақстандағы халықаралық қаржы институттарының (ХҚДБ, АДБ) ірі инвестициялық жобаларын (қарыздарын) іске асыруға ықпал етті.
«ҚазАгро» Ұлттық Холдингін құру бойынша заң жұмысына басшылық етті. Екінші деңгейдегі банктерді тарату рәсімдеріне қатысты. Барлық инстанциялардағы соттарда клиенттердің мүдделерін қорғау бойынша, соның ішінде заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша (корпоративтік даулар), борыштарды өндіріп алу, мәмілелерді даулау бойынша және еңбек заңнамасынан туындайтын даулар бойынша жұмысқа тұрақты негізде жетекшілік етті. Коммуналдық шаруашылықты дамытумен байланысты жобалар бойынша заң жұмыстарын орындауға басшылық етті (қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және сұрыптау, көлік қоятын орындарды ұйымдастыру және т.б.). Аграрлық сектордағы ең ірі банктік емес кредиттік ұйым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы компанияның директорлар кеңесінің мүшесі қызметін табысты атқарды.
Өз жұмысында техникалық реттеу мәселелері мен сатып алуды жүзеге асыру рәсімдеріне қосымша маманданған.
2013 жылдан бастап ол отбасылық құқық (некені бұзу, мүлікті бөлу) және мұрагерлік істер бойынша мамандандыруды үйлестірумен айналысып келеді.
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік заң университеті, Кәсіпкерлік құқық факультеті, үздік диплом, 1998 ж.
- Құқық магистрі. А. И. Герцен ат. РМПУ. Санкт-Петербург қ., үздік диплом, 2017 ж.
Тілдер:
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі