Гүлмира Абенова

Гүлмира Абенова

Кеңесші

Адвокат

Мамандандыру:
  • Отбасылық құқық
  • Еңбек құқығы
  • Техникалық реттеу және сертификаттау
  • Инфрақұрылымдық жобарлар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)

+7 (727) 2222 711

gulmira@szp.kz 

Кеңес алуға өтініш қалдырыңыз

Қауымдастықтарға мүшелік:

  • Алматы қалалық адвокаттар алқасы


Жұмыс тәжірибесі:

Гүлмираның кәсіби даму жолы  2008 жылы университетті үздік бітіргеннен кейін бірден «Саят Жолшы және Әріптестер»  командасына  келуімен басталды. 

Өз мамандығы бойынша жұмыс аясында Гүлмира ірі өндірістік-сауда, темекі, өндіруші компанияларға олардың қызметінің, өнімдерінің, процестерінің техникалық реттеу саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кеңес берді.

Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті барлық талап етілетін құжаттардың (сәйкестік сертификаттары, ұйымдардың стандарттары, химиялық өнімді тіркеу) тізбесін айқындау мәніне компаниялардың алдағы қызметіне толық заң сараптамасын жүргізу бойынша жобаларды оларды алу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын түсіндіре отырып жүргізді.

Техникалық реттеу туралы заңнамада белгіленген талаптар  аясында  клиенттердің ЕАЭО нарығында дайын өнімді өндіру және өткізу үшін қажетті құжаттарды алуына жәрдем көрсетті.

ТКШ саласындағы жобаларға: Алматы қаласында ақылы тұрақтарды, көп деңгейлі тұрақтарды ұйымдастыру, пайдалану және салу бойынша ірі қазақстандық компанияның жобасын заңды сүйемелдеу, клиент тарапынан қатысу және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен жобаны келіссөздер мен талқылауларда клиенттің мүдделерін қорғау сияқты жобаларға тартылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласында коммуналдық қалдықтарды шығару жүйесін ұйымдастыру бойынша жобаны заңды сүйемелдеуді жүзеге асырды; осы жоба аясында мемлекеттік-жекешелік  әріптестік құру арқылы Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу мәселелері бойынша клиентке кеңес берді. ТКШ саласындағы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың нормативтік актілерінің жобаларын әзірлеу және одан әрі сүйемелдеу тәжірибесі бар.

Гүлмира компанияның басқа да заңгерлерімен бірге 2013 жылы Қазақстанның рұқсат беру жүйесі саласындағы негізгі заңнамалық актілердің біріне айналған Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңын әзірлеу  бойынша жұмыс тобының құрамына қатысты.

Әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттарды жасау және сараптау, әр түрлі тақырыптар бойынша заңды қорытындылар дайындау, соның ішінде еңбек, корпоративтік, жер, лицензиялық заңнама, сатып алу, жылжымайтын мүлік және құрылыс және т.б. саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру, ЖШС-дегі үлестерді және АҚ-дағы акцияларды иеліктен шығаруға байланысты әр түрлі мәмілелерді сүйемелдеу тәжірибесіне ие. Түрлі азаматтық-құқықтық даулар бойынша клиенттердің мүдделерінде өкілдік ету және қорғау аясында  соттарға қатысады.

Сондай-ақ Гүлмира отбасылық дауларды шешу және неке бұзу істерін жүргізуде айтарлықтай тәжірибеге ие. Осы мамандандыру аясында  Гүлмира компания клиенттеріне неке шартын, ерлі-зайыптылардың бірлесіп жинаған мүлкін бөлу туралы келісімді дайындау мәселелері бойынша кеңес берді, сотта ажырасу үдерісін жүргізу тактикасын әзірлеуге, оның ішінде ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу мәселелері бойынша қатысты, балаларға қатысты ерлі-зайыптылардың құқықтарына байланысты дауларды реттеуге қатысты.


Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық құқық бакалавры, үздік диплом.


Тілдер:

  • Қазақ тілі
  • Орыс тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі