Аға әріптес
Адвокат
Мамандандыру:
+7 (727) 2222 711
ospanov@szp.kz
Қауымдастықтарға мүшелік:
- Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
- Қазақстанның адвокаттар одағы;
- Қазақстандық халықаралық төрелік.
Жұмыс тәжірибесі:
Рустам өзінің кәсіби мансап жолын 1998 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінде заңгер ретінде бастаған.
1999 жылы «Саят Жолшы және Әріптестер» командасына заңгер лауазымында қосылды, 2001 жылы әріптестік құрамына қабылданды.
Рустам басшылық ететін компанияның салық тәжірибесі беделді халықаралық басыдымдармен Қазақстанда үздік тәжірибе ретінде танылады. Рустам басқаратын команда компания клиенттеріне салық мәселелері бойынша көптеген кеңестер береді, сондай-ақ әкімшілік тәртіпте және соттарда салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды табысты жүргізіп келеді.
Қазақстанның ірі банкін және фосфор және энергетика өнеркәсібінің бірқатар ірі кәсіпорындарын тарату рәсімдеріне заң кеңесшісі ретінде қатысты. Салықтық, корпоративтік және монополияға қарсы заңнаманың талаптарын ескере отырып, M&A процестерінде мәмілелерді құрылымдау мен жүргізуде мол тәжірибеге ие.
Рустам бірнеше рет қазақстандық ірі компаниялардың бизнесін сатып алуға байланысты ықтимал құқықтық тәуекелдер тұрғысынан заңды жай-күйіне (due diligence) кешенді талдау жүргізді. Энергетика және газ тасымалдау салаларында ірі объектілерді сатып алу бойынша мәмілелерді дайындаумен және тікелей іске асырумен, жеке заңды тұлғаларды да, холдингтерді де қайта ұйымдастырумен айналысты.
2010 жылы Рустам танымал «Who is Who Legal:CIS» басылымымен Қазақстан Республикасындағы бірігу және жұтылу саласындағы процестер бойынша танымал сарапшы ретінде ұсынылды.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң университеті, Кәсіпкерлік құқық факультеті, үздік диплом, 1998 ж..
Тілдер:
- Ағылшын тілі
- Орыс тілі