Жаңалықтар

2812.2021

Виталий Водолазкин «Саят Жолшы және Әріптестер» АҚ Басқарушы әріптесі болып сайланды

«Саят Жолшы және Әріптестер» АҚ әріптестері бірауыздан Виталий Водолазкин мырзаны «Саят Жолшы және Әріптестер» АҚ басқарушы әріптесі етіп сайлады. Водолазкин мырза бұл лауазымға Айдын Бикебаев мырзаның орнына тағайындалды. Виталий жаңа міндеттемелеріне 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісетін болады.

18 жылдан астам уақыт бойы аға әріптес Виталий Водолазкин «Дауларды шешу» тәжірибесін басқарады, сонымен қатар клиенттерге қаржы және жылжымайтын мүлік саласындағы күрделі жобалар бойынша кеңес береді.

The Legal 500, Chambers & Partners және asiaLaw Profiles беделді халықаралық заң басылымдары соңғы 13 жылда Виталийді «Қазақстанның жетекші заңгерлерінің» элиталық тізіміне қосты. 2018 жылы Виталий Водолазкин The Legal 500 - «Hall of Fame» Даңқ залына қосылды, оған тиісті елдегі үздік жетістіктері үшін кәсіптің басында тұрған жетекші заңгерлердің өте шектеулі саны кіреді.

Айдын Бикебаев мырза «Саят Жолшы және Әріптестер» АҚ аға әріптесі ретінде жұмысын жалғастырады және клиенттерге монополияға қарсы құқық бойынша неғұрлым күрделі жобалар бойынша консультация беретін болады, сондай - ақ Қазақстанның Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы - жаңа лауазымындағы міндеттерді орындауға кірісетін болады.