Басқарушы әріптес
Адвокат
Мамандандыру:
+7 (727) 2222 711
vvodolazkin@szp.kz
Қауымдастықтарға мүшелік:
- Алматы қалалық адвокаттар алқасы;
- Қазақстандық мұнай-газ саласы заңгерлерінің қауымдастығы;
- Қазақстандық халықаралық төреліктің төрешісі.
Жұмыс тәжірибесі:
Виталий «Саят Жолшы және Әріптестер» құрамында өзінің кәсіби мансап жолын 2001 жылы бастады, 2003 жылы әріптестік құрамына қабылданды, 2008 жылдың қаңтарынан Басқарушы әріптес ретінде сайланды.
Виталий соңғы 15 жыл бойына фирманың «Дауларды шешу» тәжірибесін басқарып келеді.
Ол Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі соттарында бірнеше дүркін ірі сот процестеріне қатысты, соның ішінде салықтарды негізсіз қосымша есептеу мәселелері бойынша фосфор өнеркәсібі клиенттерінің, жер қойнауын пайдаланушы-клиенттердің, азық-түлік өнімдерін өндірушілердің және т. б. мүдделерінде өкілдік етті; Қазақстан Республикасының жетекші банкінің көптеген проблемалық жобалары бойынша; клиенттердің дебиторлық берешектерін өндіріп алу бойынша; клиенттердің акционерлер (қатысушылар) ретіндегі құқықтарын қорғау бойынша; түрлі мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша мүдделерінде өкілдік етті; борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу, әртүрлі мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану және т. б. рәсімдерде кредиторлар мен борышкерлердің мүдделерінде өкілдік етті.
Виталий басқаратын компанияның сот тәжірибесі соңғы 10 жылда халықаралық заңгерлік ренкингтік агенттіктерімен тұрақты түрде Қазақстандағы жетекші тәжірибе ретінде аталып келеді.
The Legal 500: Europe, Middle East and Africa, IFLR1000, Asia Law Profiles және Chambers and Partners халықаралық заң басылымдары соңғы 10 жыл ішінде Виталийді «Қазақстанның жетекші заңгерлері» элиталық тізіміне қосты. 2018 жылы Виталий Водолазкин «TheLegal500» Даңқ залына» енгізілді, бұл тізімге тиісті елдегі үздік жетістіктері үшін өз кәсібінің шыңына көтерілген жетекші заңгерлердің өте шектеулі саны кіреді.
Сот тәжірибесімен қатар Виталий қаржы ұйымдарының қатысуымен жобаларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, қаржы салаларында жұмыс істейтін ірі компаниялардың қызметін заңды сүйемелдеуде мол тәжірибесі бар.
Компанияның M&А саласындағы барлық дерлік жобаларына белсенді қатысты.
Виталий Водолазкин Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, холдинг қабылдайтын стратегиялық шешімдердің сапасын жақсарту мақсатында Қазақстанның ірі азық-түлік холдингінің мүшесі ретінде сайланды.
Білімі:
Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы, Кәсіпкерлік құқық факультеті, үздік диплом, 2001 ж.
Тілдер:
- Ағылшын тілі
- Неміс тілі
- Орыс тілі